ТІЛШІ-ҒАЛЫМ Қ. САРБАСОВА АТЫНДАҒЫ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ ЗЕРТХАНАНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ. «TIL DARYN» ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР БАЙҚАУЫ

2026 жылғы 09 сәуірде ғылым онкүндігі аясында тілші-ғалым Қ. Сарбасова атындағы лингводидактикалық зертхананың ашылу салтанаты өтті. Аталған жиынға І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Ермек Әбілтайұлы Бөрібаев жетекшілік етіп, құттықтау сөз сөйледі. Ректор өз сөзінде жаңа зертхананың болашақ филолог мамандарды даярлауда, тілдік білім берудің сапасын арттыруда және заманауи лингводидактикалық технологияларды оқу үдерісіне енгізуде айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Шараға отандық жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары, тіл білімі саласының мамандары, тіл жанашырлары мен университеттің профессор-оқытушылар құрамы, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысты. Салтанатты жиын барысында Қ. Сарбасованың ғылым мен білім саласына қосқан үлесі ерекше аталып, оның ғылыми мұрасын дәріптеу мен жалғастырудың маңыздылығы көрсетілді. Зертхананың материалдық-техникалық жабдықталуына ардагер-ұстаз Қ. Сарбасованың отбасы демеушілік жасап, білім мен ғылымды қолдаудағы азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетті.

Сонымен қатар, аталған іс шара аясында  мектеп оқушылары арасында ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауы өтті.

«Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының мақсаты – филология бағытындағы шығармашылық және инновациялық жобаларды қолдау; тіл үйрену үдерісіне заманауи технологияларды енгізу; жас өнертапқыштардың, зерттеушілердің және болашақ лингвистердің әлеуетін дамыту; өңіріміздегі филолог ғалымдардың ғылыми еңбектерін насихаттау. Бұл байқау университеттің ардагер-ұстазы, ғалым Сарбасова Қарлығаш Базарбекқызының ғылыми шығармашылығына арналды.           

Ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауынаЖетісу облысының Алакөл, Сарқан, Ескелді ауданы  және Талдықорған қаласы мектептерінен 12 жоба ұсынылды. 

Ғалым-ұстаз Қ.Сарбасова атындағы «Til Daryn» инновациялық жобалар байқауының нәтижесі:

І орын – Жасклен Інжу. Ғылыми жетекшісі: Исыпқали Асель Серікпайқызы. Н.Островский атындағы гуманитарлық-экономикалық мектеп-лицейі, Сарқан қ. Жүлде қоры – 70 000 теңге.

ІІ орын – Рахымқазы Мұқағали, Дастанұлы Дәрмен. Ғылыми жетекшісі:  Дукенбаева Роза Сергазиевна. Талдықорған қаласы «№29 орта мектеп-лицей» КММ. Жүлде қоры – 50 000 теңге.

ІІІ орын – Алимұрат Нариман. Ғылыми жетекшісі: Молдағалиева Мәдина Асқарқызы, Әбіш Самат Қанатұлы. «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар Лепсі орта мектебі» КММ. Жүлде қоры – 30 000 теңге.

«ҮЗДІК ЦИФРЛЫҚ ЖОБА» номинациясы –  Жанибек Алихан, Бауыржан Айым, Сұлтанбек Асылназ. Ғылыми жетекшісі: Аязбаева Ардақ Базарханқызы. Талдықорған қаласы, Құлжабай Қасымов атындағы №28 ІТ лицей-мектебі.

«ҮЗДІК ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОБА» номинациясы – Ділмұрат Рахима, Тлеуберді Дулат. Ғылыми жетекшісі:  Жүнісбек Ләззат Ниетқазықызы. Талдықорған қаласы, «Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебі» КММ.

«ҮЗДІК ӘДЕБИ-ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОБА» номинациясы –Есетов Алинұр Дарханұлы. Ғылыми жетекшісі:  Тилепалдиева Ляззат Минуаровна. Еркін ауылдық округіндегі мектепке дейінгі шағын орталығы бар №26 КММ

«ҮЗДІК КРЕАТИВТІ ЖОБА» номинациясы – Ерланова Санжана. Ғылыми жетекшісі: Рахатова Самал Искаковна. Талдықорған қаласы, Ш.Уәлиханов атындағы 10 орта мектеп- гимназиясы.

«ҮЗДІК ТІЛТАНЫМДЫҚ ЖОБА» номинациясы – Мұрат Айзере. Ғылыми жетекшісі: Қойшыбай Әйгерім Ерболқызы. Талдықорған қаласы, «Өтенай ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп» КММ.

Ғылыми байқауға қатысқан барлық жас зерттеушілерге естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Байқау қатысушыларының жетекшілері үшін «Жасанды интеллект және академиялық жазылым: мүмкіндіктері мен даму бағыттары» атты облыстық семинар өткізіліп, онда академиялық мәтін құрастыруда жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану жолдары, ғылыми жазылым мәдениетін жетілдіру тетіктері және білім беру үдерісіне заманауи цифрлық технологияларды енгізудің өзекті бағыттары жан-жақты талқыланды. Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant