Ғылыми семинар

2026 жылы 8 сәуір күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткізіліп жатқан «Ғылым декадасы» аясында мәдени-әлеуметтік зерттеулер бағыты бойынша ғылыми семинар өтті. Семинардың спикері ретінде Карлов университетінің (Чехия) философия факультеті жанындағы Этнология және орталық-еуропалық және балкандық зерттеулер институтының өкілі Гүлжан Досжанова болды. Спикер антропология және этнология салаларында жинақтаған ғылыми тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылармен мазмұнды пікір алмасу жүргізді.

Семинардың тақырыбы «Жерлеу рәсімдерінің трансформациясы және бейресми тәжірибелерді зерттеу» болды. Іс-шара барысында қазіргі қоғамдағы жерлеу дәстүрлерінің өзгеру үрдістері, олардың әлеуметтік-мәдени маңызы, сондай-ақ бейресми тәжірибелердің қоғамдағы рөлі жан-жақты талқыланды. Тыңдаушылар тақырып бойынша маңызды ғылыми сұрақтар қойып, заманауи антропологиялық зерттеулердің бағыттары туралы пікір алмасты.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant