Ғылым декадасы

Ғылым күніне орай Гуманитарлық факультетінің ғылым, білім және шығармашылық салаларында жоғары жетістіктерге жеткен профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларын шын жүректен құттықтаймыз!

Осы атаулы мерекеге орай факультетіміздің бірқатар оқытушылары мен білім алушылары әртүрлі деңгейдегі марапаттарға ие болып отыр. Атап айтқанда, «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен филология ғылымдарының кандидаты, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Чалтикенова Лазат Аляхиметовна марапатталды.

«Ғылым және жоғары білім министрлігінің құрмет грамотасымен»: PhD, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Калиева Бекзат Тынысбековна марапатталды.

Талдықорған қаласы Әкімінің Алғыс хатымен философия докторы (PhD), Журналистика кафедрасының меңгерушісі Каримова Бибигул Жумашовна марапатталды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын 2025–2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық жобалардың жеңімпазы, ғылыми-зерттеу қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін Байгабатова Назгуль Кажимуратовна  марапатталды.

Scopus және Web of Science базасының рейтингі жоғары журналдарына мақала жариялағаны үшін 90 000 теңге көлеміндегі сыйақымен философия докторы (PhD), Журналистика кафедрасының меңгерушісі Каримова Бибигуль Жумашовна,  PhD, гуманитарлық факультетінің оқытушы-дәріскері Абайдельданова Меруерт Кебековна марапатталды! 

Add Your Heading Text Here

Scopus және Web оf Science базасының рейтингі жоғары журналдарына мақала жариялағаны үшін 120 000 теңге көлеміндегі сыйақымен PhD, гуманитарлық факультетінің деканы Желдибаева Райгуль Сериковна, тарих ғылымдарының кандидаты, гуманитарлық факультетінің қауымдастырылған профессоры (доцент) Байгабатова Назгуль Кажимуратовна, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), гуманитарлық факультетінің профессор м.а. Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент), гуманитарлық факультетінің профессор м.а. Кыяхметова Шара Асетовна, PhD, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі Калиева Бекзат Тынысбековна марапатталды.

2025 жылғы Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орынға ие болғаны үшін Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен республикалық пәндік олимпиаданың III орын иегерлері – Гуманитарлық факультетінің 6В03202 – «Қоғаммен байланыс» білім беру бағдарламасының білімгерлері Абдуғапар Меруерт Қайратқызы, Жұмағали Анеля Асқатқызы, Сәкен Зейнеп Асқарқызы марапатталды. Аталған білімгерлердің жетекшісі, PhD, Журналистика кафедрасының меңгерушісі Каримова Бибигуль Жумашовна да марапатталды.

Сондай-ақ Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен республикалық пәндік олимпиаданың II орын иегерлері – Гуманитарлық факультетінің 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының білімгерлері Нұржапар Жасмин Ержанқызы, Нұртулеу Айым Қуатқызы, Нұртілеуқызы Аружан, Жұмағалиқызы Нұрай марапатталды. Олардың жетекшісі, магистр, Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Тумабаева Мадина Болатовна марапатталды.

2025 жылы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауында жүлделі орынға ие болғаны үшін Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен байқаудың III орын иегері, Гуманитарлық факультетінің 6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасының білімгері Асылбекұлы Абзал марапатталды. Оның ғылыми жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты, Тарих және гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Буланов Ержан Олжабаевич марапатталды.

Бұдан бөлек, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының II орын иегерлері – Гуманитарлық факультетінің 6В01704 – «Орыс тілі мен әдебиеті (оқыту орыс емес тілде жүргізілетін мектептерде)» білім беру бағдарламасының білімгерлері Нұркен Әсем мен Сәкенов Мерей марапатталды. Олардың ғылыми жетекшісі, магистр, Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Чеснокова Кристина Александровна марапатталды.

Ал студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауының I орын иегері, Гуманитарлық факультетінің 6В02303 – «Филология» білім беру бағдарламасының білімгері Жұмағали Мейірім Қуанышбайқызы марапатталды. Ғылыми жетекшісі – философия докторы (PhD), Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) м.а. Абызова Айна Маратовна марапатталды.

2025 жылы «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық байқауының бас жүлде иегері, байқау лауреаты атанғаны үшін Басқарма Төрағасы – Ректордың Алғыс хатымен 8D01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Алтай Айдын Алтайұлы марапатталды. Оның ғылыми жетекшісі – философия докторы (PhD), Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) м.а. Абызова Айна Маратовна марапатталды.

Сонымен қатар, Басқарма Төрағасы – Ректордың дипломымен «Үздік бизнес-идея» номинациясының иегерлері Алибекова Арай Рысбековна, Исмазова Риана Рашидовна, Әділ Асылай Алмасқызы марапатталды. Жоба жетекшісі – Токтанова Асель Керимовна. Жоба тақырыбы: «Жетісу өңіріндегі туризм деңгейі мен сапасын арттыру және студенттерді жұмыспен қамту курсы».

Сондай-ақ 60 000 (алпыс мың) теңге көлеміндегі сертификатпен және дипломмен III орын иегері Мырзабек Нүрила Жұманқызы марапатталды. Жоба жетекшісі – Джакыпбекова Мамиля Тургамбаевна. Жоба тақырыбы: OnoMap Ilyas.

Құрметті марапат иелері! Сіздердің ғылым мен білім жолындағы табанды еңбектеріңіз, шығармашылық ізденістеріңіз, кәсіби біліктіліктеріңіз бен жоғары нәтижелеріңіз факультетіміздің абыройын арттырып, университетіміздің беделін асқақтата түсуде. Әрбір жетістік – үлкен ізденістің, қажырлы еңбектің, табандылық пен мақсатқа адалдықтың жемісі. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, ғылыми жобаларыңызға сәттілік, жаңа идеялар мен тың бастамалар, толағай табыстар тілейміз. Ғылым көкжиегінде биік белестерді бағындырып, ел игілігі жолында қызмет ете беріңіздер.

Ғылым күні құтты болсын!

AI Assistant