2026 жылғы 17 сәуірде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Teachers Teaching Teachers: Sharing What Works» атты халықаралық конференция өтеді.
Іс-шара Гуманитарлық факультет Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен, АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесіп өткізіледі.
Конференцияның мақсаты — шетел тілдерін оқытудағы тиімді әдістермен бөлісу, кәсіби тәжірибе алмасу және үздік тәжірибелерді талқылау.
👩🏫 Қатысушылар:
- Қазақстан ЖОО профессорлары мен оқытушылары
- АҚШ-тың English Language Fellow бағдарламасының мамандары
- мектеп мұғалімдері
📍 Өтетін орны: Талдықорған қ., Жетісу университеті
🕘 Уақыты: 09:30–16:00
#SDG #ЦУР #ТДМ

