
«Zhansugurov college»-де дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Арнайы пәндер» апталығының салтанатты ашылуы өтті. Апталықтың басты мақсаты – білім алушылардың кәсіби білімдерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және әртүрлі мамандықтар арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Ашылу рәсіміне колледждің әр мамандығында білім алып жатқан студенттер белсенді түрде қатысып, оқытушылардың жетекшілігімен дайындаған өнерлерін ортаға салды. Іс-шара барысында білімгерлер өз таланттарын көрсетіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.
Атап айтқанда, «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 1-курс студенттері ұлттық өнерді дәріптей отырып, «Әлқисса» күйін орындап, оны қасық үнімен сүйемелдеу арқылы өздерінің шығармашылық шеберліктерін көрсете білді. Бұл қойылым көрермендердің ерекше ықыласына бөленіп, зор қошеметке ие болды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

