

















Жетісу университетінде «Teachers Teaching Teachers: Sharing What Works» атты халықаралық конференция өтті.
Іс-шара Гуманитарлық факультеттің Шетел тілдері мен аударма ісі кафедрасы мен АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығы бірлесуімен ұйымдастырылды.
Конференция – халықаралық білім беру жобасының нәтижесі. Аталған жоба 2025 жылы бастау алып, Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Д. Жабыкбаева мен кафедра оқытушысы С. Дюсебаеваның бастамасымен қолға алынған. Жоба аясында АҚШ-тың Алматы қаласындағы Бас консулдығымен тығыз әріптестік орнатылып, ағылшын тілін оқыту саласында халықаралық тәжірибені енгізу бағытында нақты жұмыстар жүргізілді.
Жобаның маңызды кезеңдерінің бірі — 2025 жылдың қыркүйегінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің English Language Fellow бағдарламасы аясында халықаралық маман Бронвин Шибердің келуі болды. Бұл оқытушылар мен студенттерге заманауи әдістемелерді меңгеруге мүмкіндік берді.
Конференцияның мақсаты – ағылшын тілін оқытудағы тиімді тәжірибелерімен алмасу, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамыту және халықаралық серіктестікті дамыту.
Іс-шараға отандық және шетелдік сарапшылар, ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері қатысты.
Атап айтқанда, консулдық өкілдері мен KazTEA президенті Татьяна Летяйкина сөз сөйлеп, халықаралық әріптестіктің маңызын атап өтті. Сонымен қатар, халықаралық мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи әдістемелер ұсынды.
Іс-шара аясында Жетісу университеті, KazTEA және АҚШ Бас консулдығы арасында үшжақты меморандумға қол қойылды. Конференция барысында секциялық отырыстар мен пікірталастар ұйымдастырылып, соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.
#SDG #ЦУР #ТДМ





































