


























«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Sustainable Fashion Show» тақырыбында тұрақты сән үлгілерінің көрсетілімі өтті. Іс-шараға Дене шынықтыру және өнер, Физика-математика және Жаратылыстану-техникалық факультеттерінің студенттері қатысты. Көрсетілімде дизайнер-студенттер экологиялық таза, қайта өңделген және тұрақты материалдардан жасалған сән үлгілерін ұсынды.
Мақсаты – экологиялық мәдениетті дамытуға үлес қосу, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сән индустриясын насихаттау және қоғамда жауапты тұтыну қағидаларын қалыптастыру.
Сонымен қатар, бұл іс-шара қайта өңделген материалдарды пайдалану, экологиялық таза өндіріс тәсілдерін дәріптеу және тұрақты сәннің маңыздылығы туралы көпшілікке түсінік беру арқылы «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының идеяларын қолдауды көздейді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

