Сыртқы академиялық ұтқырлық аясындағы экспедиция

2026 жылғы 21 сәуірде PhD доктор Marco Fiorentini университеттің Жаратылыстану-техникалық факультеті, экология және ауылшаруашылығы ғылымдар кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамымен бірлесіп «Болат» шаруа қожалығына барды. Далалық сапар ғылыми-зерттеу және оқу қызметі шеңберінде, сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында өтті.

Сонымен қатар Текелі таулы өңірінде табиғи экожүйелерді зерттеу және қоршаған орта жағдайын бағалау мақсатында далалық экспедициялық сапар ұйымдастырылды.

Зерттеу барысында биоалуантүрлілікке бақылау жүргізіліп, топырақтың, су ресурстарының және өсімдік жамылғысының жағдайы талданды.

Сондай-ақ антропогендік әсер факторлары анықталды. Алынған нәтижелер ғылыми зерттеулер жүргізу, білім алушыларды даярлау және қоршаған ортаны қорғау бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін пайдаланылатын болады.

#SDG #ЦУР #ТДМ

AI Assistant