Республикалық ғылыми-көпшілік дөңгелек үстел

2026 жылғы 29 сәуір күні сағат 10:00-де Талдықорған қаласындағы «Тіл сарайында» Ілияс Жансүгіровтің шығармашылық мұрасына арналған «Ілияс тағылымы: тіл және таным» атты республикалық ғылыми-көпшілік дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер», «Исатай–Махамбет» поэмаларына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылуда. 

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – ақын мұрасын тілтанымдық, әдебиеттанымдық және мәдени тұрғыда жаңаша зерделеу, ғылыми қауымдастық пен жас зерттеушілер арасында сабақтастық орнату. Жиынға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, жас зерттеушілер мен оқушылар қатысады. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры м.а. , ф.ғ.к. Ш.А.Кыяхметова «Мәлім және беймәлім Ілияс Жансүгіров» тақырыбында баяндама жасайды.

Дөңгелек үстелдің модераторы – филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Анар Мұратқызы Фазылжан. Жиын соңында «Қазақ поэзиясының Құлагері» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталады.

Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Қаратал шағынауданы, 36Б, «Тіл сарайы»
Күні: 2026 жылғы 29 сәуір
Уақыты: 10:00

AI Assistant