Теориядан тәжірибеге: педагогикалық практика қорытындылары

Гуманитарлық факультеті 6В01601 «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша 4 курс студенттерінің өндірістік-педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы ұйымдастырылды.

Конференция барысында студенттер мектептерде өткізген сабақтары мен іс-тәжірибеден алған білімдерін ортаға салып, кәсіби дағдыларын жетілдіру жолындағы жетістіктері мен тәжірибесін бөлісті. Жетекшілер студенттердің сабақ жүргізу әдістемесі, сыныппен жұмыс істеу машығы және педагогикалық қарым-қатынас тәжірибесі туралы пікір білдіріп, ұсыныстарын айтты.

Практика нәтижесінде студенттердің теориялық білімін тәжірибеде қолдану қабілеті артқаны және болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен ықпал еткені атап өтілді.

AI Assistant