«РобоЖУ-2026» робототехника олимпиадасы

И.Жансүгіров атындағы Жетісу Университетінің физика-математика факультетінің робототехника және мехатроника зертханасы қазіргі жастарды оқыту және тәрбиелеу және оқушылардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамыту мақсатында 2026 жылғы 22 мамырда Жетісу облысының мектептері арасында жыл сайынғы «РобоЖУ-2026» робототехника бойынша олимпиадасын өткізді.

Олимпиадаға тоғыз команда қатысты. РобоФутбол байқауында бірінші орынды Қаратал ауданының Қ.Тоқаев атындағы орта мектебінен «KemelZhastary» командасы иеленді, Кегельринг байқауында бірінші орынды Талдықорған қаласынан М.Арын атындағы №24 лицейінен «JTL Junior» командасы иеленді, сондай-ақ Асық ату байқауында бірінші орынды Ақсу ауданының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінен «Vertu» командасы иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен, сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сыйлықтар, кубоктар және дәмді пицца ұсынған осы іс-шараның демеушілеріне алғысымызды білдіреміз. Олар: Талдықорған қ. Ғарышкер 1Г шағынауданында орналасқан «FOODMART» супермаркеті, және Талдықорған қ. Казахстанская 143/147 мекенжайы бойынша орналасқан «Пармезан» пиццериясы.

AI Assistant