Сыртқы Академиялық ұтқырлық бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттер

«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕ АҚ гуманитарлық факультет «6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Берікбай Асыл Ермекқызы, Омералинова Арайлым Багдатовна 2025-2026 оқу жылының 2-жартыжылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінде оқуларын сәтті аяқтады.     

Академиялық ұтқырлық барысында студенттер түрік тілін жетілдірді, түркітілдес халықтардың тілі мен әдебиетін зерттеу бағытындағы ғылыми еңбектермен танысып, түркі әлемінің мәдени және тілдік ортақ құндылықтарын тереңірек меңгерді, түрік және халықаралық білім беру жүйесінің ерекшеліктерімен танысып, мәдениетаралық қарым-қатынас орнату және кәсіби бағыттағы заманауи тәжірибелерді меңгеру мүмкіндігіне ие болды.

Берікбай Асыл Ермекқызы, Омералинова Арайлым Багдатовна білім алумен қатар, университетте, Нийде қаласында, қазақ диаспорасы тығыз қоныстанған Алтай ауылында өткен мәдени іс-шараларға қатысып,  нәтижесінде Нийде қаласының мәдени өміріне белсене ат салысқандары үшін Түркия Республикасы Нийде қаласы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ