Сыртқы Академиялық ұтқырлық бағдарламасын сәтті аяқтаған студенттер

​І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Гуманитарлық факультетінің шетел тілі: екі шетел тілі білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Қ.Жетпысбаева, А.Тлеулес, А.Құрманжанқызы, А.Еламанқызы 2025-2026 оқу жылының 2-жартыжылдығында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Түркияның Нийде Омер Халисдемир университетінде оқуларын сәтті аяқтады. ​

Академиялық ұтқырлық барысында болашақ тіл мамандары шетелдік білікті оқытушылар мен ғалымдардың дәрістерін тыңдап, халықаралық деңгейде білімдерін жетілдірді. Бұл тәжірибе студенттерге университет қабырғасында негізгі тіл ретінде оқытылатын ағылшын тілін тереңдетуге, сонымен қатар екінші шет тілі болып табылатын түрік тілін тілдік ортада кәсіби деңгейде шыңдауға зор мүмкіндік берді. Сондай-ақ әртүрлі мәдениет өкілдерімен қарым-қатынас жасау арқылы болашақ шетел тілі маманына қажетті мәдениетаралық құзыреттілік пен коммуникативтік қабілеттерін дамытты.

Білім алушылар Нийде университетінде өткен қоғамдық, мәдени іс-шараларға белсене қатысты. Өңірдің мәдени өміріне қосқан айтулы үлесі мен қоғамдық белсенділіктері үшін Түркия Республикасы Нийде қаласы әкімдігінің Алғыс хатымен марапатталды.

#SDG #ЦУР #ТДМ