ҒЫЛЫМИ ЖОБА АЯСЫНДАҒЫ ІССАПАР

 

ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын АР26102759 «Қаратал өзені экожүйесінің флорасы мен фаунасының жекелеген көрсеткіштеріне және судың сапасына мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануының әсерін зерттеу» ғылыми жобасы аясында жобаның ғылыми жетекшісі, Ғылымметрия және ғылыми кадрларды даярлау бөлімінің басшысы м.а. Оксикбаев Берикжан Қылышбекович 2025 жылғы 10–13 қараша аралығында Астана қаласында іссапарда болды.

Сапар барысында Elsevier ұйымдастырған «Этика, адалдық және цифрлық трансформация: Жасанды интеллект дәуіріндегі зерттеулер бағытын айқындау» халықаралық ғылыми конференциясына қатысып, ғылыми этика, академиялық адалдық және жасанды
интеллект құралдарын ғылыми зерттеулерде қолдану бойынша тәжірибе жинақталды.

Сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қауымдастырылған профессоры, б.ғ.к. Индира Саматовамен жұмыс кездесуі өткізіліп, жоба аясында мұздықтардың ластану деңгейін бағалау және зерттеу барысында басымдық берілетін физика-химиялық және биологиялық көрсеткіштерді анықтау мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік кеңес алынды. 

Іссапар нәтижесінде жобаны іске асыруға қатысты құнды ұсынымдар алынып, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыруға, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіруге және зерттеу нәтижелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған тәжірибелік білім мен әдістемелік тәжірибе жинақталды.