ҚАРАТАЛ ӨЗЕНІ БОЙЫНША СУ СЫНАМАЛАРЫНА ЗЕРТХАНАЛЫҚ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

 

ЖТН АР26102759 «Қаратал өзені экожүйесінің флорасы мен фаунасының жекелеген көрсеткіштеріне және судың сапасына мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануының әсерін зерттеу» ғылыми жобасы аясында 2026 жылғы 19–21 наурыз аралығында Алматы қаласында зертханалық жұмыстар жүргізілді.

Іссапар барысында Қаратал, Шыжы және Қора өзендерінен алынған су сынамалары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің арнайы зертханасында талданды. Зерттеу кезінде су сынамаларының физика-химиялық көрсеткіштері,
минералдану деңгейі, рН мәні, еріген тұздар мөлшері және ықтимал ластаушы заттардың құрамы анықталды.

Сонымен қатар, заманауи рентген-флуоресцентті спектрометр көмегімен су құрамындағы химиялық элементтерге сапалық және сандық талдау жүргізілді. Алынған нәтижелер ғылыми жоба деректер базасына енгізіліп, Қаратал өзені экожүйесінің экологиялық жағдайын бағалауға негіз болды.