«RES 2026 EXPO» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСУ

 

2026 жылғы 22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өткен «RES 2026 EXPO» халықаралық экологиялық және жасыл технологиялар көрмесінде Жетісу университетінің ғылыми жобалары таныстырылды.

Көрме аясында ЖТН АР26102759 «Қаратал өзені экожүйесінің флорасы мен фаунасының жекелеген көрсеткіштеріне және судың сапасына мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануының әсерін зерттеу» ғылыми жобасының зерттеу нәтижелері бойынша стендтік ақпарат ұсынылды.

Жоба орындаушысы қауымдастырылған профессор (доцент), б.ғ.к. Бахтаулова А.С. «Орталық Азия криосферасы: ғылыми бағалаудан климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша бірлескен іс-қимылдарға дейін» және «Өңірлік климаттық шешімдерді қалыптастырудағы академиялық және ғылыми қоғамдастықтың рөлі» тақырыптарындағы халықаралық панельдік сессияларға қатысып, климаттың өзгеруі, мұздықтардың жай-күйі және су ресурстарының сапасын бағалау мәселелері бойынша тәжірибе алмасты.

Іссапар нәтижесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелері кең ғылыми қауымдастыққа таныстырылып, халықаралық ғылыми байланыстар нығайтылып, климаттың өзгеруінің су ресурстарына әсерін зерттеу бағытында жаңа тәжірибе мен білім алынды.