Құттықтаймыз!

Ташкент қаласында жастар арасында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтуде. Аталған жарыста І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенті Әскербай Әлихан 95 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.
Жарыс нәтижесінде Әскербай Әлихан жұлқа көтеруде 163 келіні бағындырып — II орын, ал серпе көтеруде 198 келі нәтижемен III орын иеленді. Қос жаттығудың қорытындысы бойынша жалпы есепте 361 келіні бағындырып, III орынға ие болды.
Студентіміз Әскербай Әлиханды Азия чемпионатындағы жүлделі орындарымен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жетістіктер мен биік белестерді бағындыруын тілейміз!

#SDG #ЦУР #ТДМ