2026 жылғы 5 қыркүйекте физика-математика факультетінің 1–4 курс студенттері «Қызылтас — Тасбақа» экосаябағының салтанатты ашылуына арналған іс-шараға қатысты.
Аталған іс-шара бірінші курс студенттерінің университет ортасына бейімделу кезеңін тиімді ұйымдастыру, олардың жоғары курс білім алушыларымен танысып, өзара қарым-қатынас орнатуына қолайлы жағдай жасау мақсатында өткізілді. Бірлескен демалыс барысында студенттер арасында достық байланыс нығайып, ұйымшылдық пен өзара қолдау құндылықтары қалыптасты.
Іс-шара барысында білім алушылар экосаябақтың табиғи ерекшеліктерімен танысып, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғи мұраны сақтаудың маңыздылығы туралы құнды мәліметтер алды. Сонымен қатар студенттер түрлі танымдық, мәдени және ойын-сауық бағдарламаларына белсенді қатысып, табиғат аясында мазмұнды демалды.
Бұл сапар бірінші курс студенттерінің жаңа ортаға бейімделуіне, факультет өміріне белсенді араласуына және өздерін біртұтас ұжымның мүшесі ретінде сезінуіне оң ықпал етті. Білім алушылар ерекше әсер алып, көтеріңкі көңіл күймен оралып, уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді.



