Кітапханаға экскурсия

Ғ. Орманов атындағы кітапханада бірінші 1-курс студенттеріне арналған таныстыру экскурсиялары қыркүйек айында тұрақты түрде ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында студенттер кітапхананың құрылымы мен қызмет көрсету бағыттарымен, оқу залдарымен, кітап қорымен және электронды ақпараттық ресурстармен танысты.

Сонымен қатар кітапхананы пайдалану ережелері, оқырмандарға көрсетілетін қызмет түрлері туралы ақпарат берілді.

Шараның басты мақсаты – 1-курс студенттерін кітапхананың мүмкіндіктерімен таныстыру, олардың кітапханаға деген қызығушылығын арттыру және оқу үдерісінде ақпараттық ресурстарды тиімді пайдалануға бағыттау.

#SDG #ЦУР #ТДМ