ҚАУІПСІЗДІК – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

ҚАУІПСІЗДІК – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

♦️ 23 қыркүйек күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттерімен лаңкестік пен экстремизмнің алдын алуға бағытталған кураторлық сағат өткізілді.

♦️ Эдвайзер Шыныбекова Айжан Сахановнаның ұйымдастыруымен өткен кездесуде жастардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, радикалды идеологияның ықпалына түспеудің жолдары, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі ақпаратты сыни тұрғыдан саралау мәселелері талқыланды.

♦️ Тақырыптың мазмұнын тереңірек ашу мақсатында студенттерге «Бостандықтан айырған батырма» деректі фильмі көрсетілді. Көрсетілімнен кейін студенттер фильмде көтерілген мәселелер бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.