Жетісу университеті Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық факультетіне (шет тілдер кафедрасы) қарасты 1-курс студенттері үшін үлкен танысу экскурсиясы өтті. Бұл іс-шара жас түсушілерге жаңа ортаға тез бейімделіп, бір-бірімен және кураторлармен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді. Экскурсия барысында студенттерге университеттің бас корпусы көрсетіліп, оқу орнының құрылымы мен мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, жастар заманауи кітапхананы, оқу аудиторияларын аралап, студенттерге арналған маңызды орталықтардың орналасқан жерімен танысты.
Бұл маңызды шараны төмендегі топ кураторлары жоғары деңгейде өткізді:
Рамазанова Аида Сансызбайқызы (ШТҚ-111, ПДР-111 топтары)
Есимбекова Асылжан Омаровна (ШТҚ-112 тобы)
Ашимова Малика Гениевна (ШТҚ-113 тобы)
Кылышпаева Мадина Хамитовна (ИЯР-111 тобы)
Байгожина Асель Бериковна (ШТҚ-121)
Мұндай іс-шаралар студенттерге үлкен университет отбасының бір бөлігі екенін сезінуге, оқу үдерісіне оңай кірісіп кетіп, студенттік өмірді қызықты бастауға көмектеседі!


