10 қыркүйекте Алматы қаласындағы АҚШ Бас консулдығының өкілдерімен және ETA (English Teaching Assistant) бағдарламасы аясында Америка Құрама Штаттарынан келген ассистент Alessandra Cabrera-мен ресми кездесу өтті.
Бұл визит академикалық ұтқырлықты дамыту және тілдік құзыреттілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының студенттері мен оқытушылары үшін бұл:
Ағылшын тілін ана тілінде сөйлейтін маманмен бірге жетілдіруге;
Тілдік орта қалыптастырып, тәжірибе алмасуға;
Халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға берілген үлкен мүмкіндік.
Кездесу барысында алдағы жұмыс жоспары, практикалық сабақтар мен тілдік клубтарды өткізу мәселелері талқыланды. Алда жаңа жобалар мен нәтижелі жұмыстар күтіп тұр!

