Гуманитарлық факультетте «Language Fair» тілдер жәрмеңкесі өтті 

Гуманитарлық факультетте «Language Fair» тілдер жәрмеңкесі өтті 
Гуманитарлық факультетте Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен өзгеше форматтағы «Language Fair» тілдер жәрмеңкесі жоғары деңгейде өтті. 
Іс-шара әртүрлі халықтардың тілі мен мәдениетін насихаттауға, студенттердің достығы мен шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталды. Жәрмеңке аясында әр тілге арналған арнайы бұрыштар ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылып, ұлттық дәмдер ұсынылды. 
Жәрмеңкеде қазақ, ағылшын, қытай, түрік, корей және неміс тілдері ұсынылды. 
Шара барысында студенттер әртүрлі тілдерде ән айтып, өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ қызықты интеллектуалды да интерактивті ойындар өткізіліп, қатысушылар әр ұлттың мәдениетімен, дәстүрімен және асханасымен танысты. 
«Language Fair» мерекесі қатысушыларға ерекше көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, студенттердің шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттырды.