«Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беру бойынша семинар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесі «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсына өтінім беру бойынша семинар ұйымдастырады.

Семинар барысында конкурсқа қатысу талаптары, өтінім әзірлеу тәртібі және жобаны жүзеге асыру ерекшеліктері баяндалады.

📅 Күні: 30 қыркүйек
🕒 Уақыты: 15:00
📍 Өтетін орны: Бас оқу ғимараты, 313-мәжіліс залы

Барлық қызығушылық танытқан жас ғалымдар мен зерттеушілерді семинарға қатысуға шақырамыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ