Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурс

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті 2027 жылға арналған (іске асыру мерзімі – 36 ай) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру конкурсын жариялады.

Конкурс конкурстық құжаттамаға сәйкес мынадай ғылыми бағыттар бойынша өткізіледі:
– Климаттық орнықтылық, су қауіпсіздігі, табиғи ресурстар және АӨК-нің тұрақты дамуы;
– Технологиялық егемендік және өнеркәсіптік бәсекеге қабілеттілік;
– Денсаулық, адами даму және өмір сүру сапасы;
– Ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс, аумақтар мен өмірлік маңызды инфрақұрылымның орнықтылығы;
– Іргелі зерттеулер, ғылыми қор және ғылыми әлеует.
Өтінімдерді қабылдау 2026 жылғы 13 қазанда басталады.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 11 қараша (қоса алғанда).

Ғылыми жетекші мен өтінім берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған конкурстық өтінімдер «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі арқылы электронды түрде беріледі

Толық ақпаратпен және конкурстық құжаттамамен is.ncste.kz сайтында танысуға болады.

Өтінім беру бойынша кеңес алу үшін Call-орталыққа хабарласуға болады:
+7 (727) 344-11-10 (ішкі нөмірлер: 203, 210, 211, 213, 214, 218, 219, 221, 223, 226, 227, 230, 233, 234).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесіне хабарласуды сұраймыз.

#SDG #ЦУР #ТДМ