

Ғ. Орманов атындағы кітапханада «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жабайы алмадан – мәңгілік мұраға» атты әдеби кеш өтті.
Іс-шараның мақсаты – білім алушыларды қазақ прозасының көрнекті өкілі С. Мұратбековтің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, жазушы туындыларындағы адамгершілік, туған жер, балалық шақ, сағыныш пен мейірім тақырыптарын насихаттау, сондай-ақ көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттыру.
Әдеби кешке кітапхана қызметкерлері және Жаратылыстану-техникалық факультетінің студенттері қатысты.
#ЦУР #SDG #ТДМ

