

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеттің Шетел тілдері (IP) білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері Р. Исмазова, М. Садыкова, Д.Серікқызы, А. Жанат, Ә.Мейірхан А. Берікқызы, Д.Ахмет және 3-курс студенттері Т.Әлмуханбет пен Н.Асанбек сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 2026-2027 оқу жылының 1-жартыжылдығында Польшаның Лодзь университетінде білім алуда.
Бағдарламаның басты мақсаты – студенттерге халықаралық тәжірибе жинап, шетелдік университеттің оқыту жүйесімен жақыннан танысуға мүмкіндік беру.
Қазіргі уақытта студенттер Лодзь университетінде шетел тілдері бойынша білімдерін жетілдіріп, тілдік ортада еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуда.
Шет елде оқу студенттердің білімін шыңдап, болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен септігін тигізеді.
#ЦУР #SDG #ТДМ

