
2026-2027 оқу жылының I жартыжылдығында Физика-математика факультетінің 6B01502 «Математика-Информатика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Камен Ақзейел мен Сарқытбаева Асыл Хатай Мустафа Кемаль университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге, мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытуға, сондай-ақ халықаралық білім беру тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік береді.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болған студенттер мен олардың ата-аналары Жетісу университетінің басшылығы мен ұжымына шынайы алғыстарын білдіреді.
#ЦУР #SDG #ТДМ

