Кураторлық сағат

2026 жылғы 29 қазанда ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушы-дәріскері Елепбергенова Айгуль Узбековна АЖАқ121 топ студенттерімен бірге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады.

Іс-шара барысында әлеуметтік-экономикалық даму, білім мен ғылымды қолдау, цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және жастардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселелеріне назар аударылды.

Студенттер цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға, бәсекеге қабілетті IT мамандарын даярлауға қатысты бастамаларға қызығушылық танытып, өз пікірлерін білдірді. Өткізілген іс-шара білім алушылардың азаматтық көзқарасын кеңейтіп, болашақ маман ретіндегі жауапкершілігін арттыруға ықпал етті.