Қаржы сауаттылығына арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы

Физика-математика факультетінің 1–4 курс студенттеріне қаржы сауаттылығына арналған ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.

Кездесуге Ұлттық банктің Жетісу облысындағы филиалы, Қазақстанның банк омбудсмены, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері қатысты.

Ұйымдастырушылар студенттерге қаржы қауіпсіздігі, алаяқтардан қорғану жолдары мен негізгі қаржы қажеттіліктерін анықтау туралы түсіндірді. Еркін форматтағы кездесуде жастар кәсіби мамандарға жеке қаржыны дұрыс басқару, бюджетті жоспарлау және заманауи қаржы трендтері туралы сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

#SDG #ЦУР #ТДМ