





2026 жылғы 28 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің ұйымдастыруымен жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған «Jas Galym – 2027» байқауы бойынша ғылыми семинар өтті.
Семинар барысында байқау ережесіне биыл енгізілген жаңашылдықтар таныстырылды. Атап айтқанда, байқаудың басым ғылыми бағыттары, қаржыландыру көлеміндегі өзгерістер, сондай-ақ ғылыми-техникалық тапсырмаға сәйкес өтінімдерді ұсынуға қатысты жаңа талаптар түсіндірілді.
Семинарға университеттің жас ғалымдары, профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлері және жобаларды әзірлеуге қызығушылық танытқан білім алушылар қатысты.
Жиын барысында Ғылыми жобалар және технологияларды коммерцияландыру кеңсесінің басшысы А. Алтай «Jas Galym – 2027» байқауына қатысу тәртібі мен негізгі талаптары бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар ғылыми-техникалық тапсырманың мазмұнын, өтінімдерді дайындау және ұсыну тәртібін, жобалардың коммерцияландыру әлеуетін негіздеу жолдарын, қаржыландыру көлемін жоспарлау талаптары мен жобаларды бағалау өлшемдерін таныстырды.
Талқылау барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
#SDG #ЦУР #ТДМ

