«Әл-Фараби дүниетанымы: философиялық идеялар мен тарихи контекст» халықаралық конференция

2026 жылғы 29 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Әл-Фараби дүниетанымы: философиялық идеялар мен тарихи контекст» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аралас форматта ұйымдастырылған ғылыми жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Түркия және Ресейдің жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының ғалымдары, профессор-оқытушылары және жас зерттеушілері қатысты.

Пленарлық отырыс барысында Өзбекстан журналистика және бұқаралық коммуникациялар университетінің профессор міндетін атқарушы, ф.ғ.д. Перхан Алламбергенова, Түркиядан қатысқан Түрік тілі және әдебиеті кафедрасының PhD докторы Mesut Sönmez, сондай-ақ Фатих Сұлтан Мехмет Вакыф университетінің Адам және қоғам ғылымдары факультеті Тарих бөлімінің профессоры, доктор Ahmet Taşağıl баяндамалар жасап, түркі халықтарының тарихи-рухани мұрасына қатысты құнды пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ, Ресей кооперация университетінің Қазан кооперативтік институтының өкілі Ильдар Гиззатуллин баяндама жолдады.

Отандық ғалымдар т.ғ.к. Амангелді Катенов, ф.ғ.к., Күлпан Аликенова және т.ғ.к Айбек Шалғымбеков баяндама жасап, әл-Фараби мұрасы, адамдық құндылықтар және Қазақстан тарихының өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми тұжырымдарын ортаға салды.

Конференция қорытындысында секциялық отырыстардың нәтижелері сараланып, ғылыми ұсыныстар айтылды. Белсенді қатысушыларға сертификат берілді.

#SDG #ЦУР #ТДМ