2026 жылғы 10 қарашада Астана қаласында Парламентаризм институтының алаңында «Қоғамдық келісімнен халықаралық қауіпсіздікке: медиация мен бейбіт диалогтың әлеуеті» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара Парламентаризм институты мен «Астана» халықаралық университетінің ұйымдастыруымен, ИРН AP26100031 «Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу және ядролық қарусыздану құралы ретінде халықаралық медиациялық хаб: Қазақстан мен шет елдердің тәжірибесі» ғылыми жобасы аясында өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғылыми қызметкері Болат Әлібек Алмазұлы қатысып, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі медиация институтының рөлі туралы ғылыми пікірін білдірді.
Іс-шара барысында ғалым өзі жетекшілік ететін ИРН AP25795633 «Ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық келісімдердің құқықтық тиімділігі» атты ғылыми жобасын таныстырды.
Баяндамасында халықаралық шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету, верификация және мониторинг тетіктерінің құқықтық тиімділігі, сондай-ақ мемлекетаралық келіспеушіліктерді бейбіт жолмен реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар зерттеуші ядролық қарусыздану саласындағы халықаралық медиациялық хабтың институционалдық-құқықтық моделін қалыптастыру перспективаларына тоқталып, оның мемлекеттер арасындағы сенімді нығайтуға және халықаралық-құқықтық міндеттемелерді іске асыруға қосымша қолдау көрсету мүмкіндіктерін атап өтті.
Аталған ғылыми іс-шара халықаралық медиацияның құқықтық тетіктерін жетілдіру, ғылыми ынтымақтастықты нығайту және Қазақстанның бейбіт диалог алаңы ретіндегі әлеуетін дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.






