Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2026 жылғы 6 қарашадағы №754 бұйрығына сәйкес, «Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ докторанты Ұлжалғас Есейқызына 8D01504 – «Информатика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді!
Бұл маңызды ғылыми жетістік – ізденіс пен табандылықтың, үздіксіз еңбектің және ғылыми қолдаудың нәтижесі. Докторанттың ғылыми қалыптасуы мен зерттеу жұмысының жүзеге асуына ғылыми консультанты, қауымдастырылған профессор, педагогика ғылымдарының кандидаты Алдабергенова Айгуль Оналбековна зор үлес қосты.
Ғылым жолындағы бұл белес жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, алдағы уақытта да тың ғылыми ізденістер мен толағай жетістіктерге ұласа берсін!
Ұлжалғас Есейқызын айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы қадамыңыз нық, жетістіктеріңіз мол болсын!

