Бүгін І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 2-курс докторанттарының ұйымдастыруымен магистранттар мен студенттерге арналған «Ғылыми идеядан жарияланымға дейін» атты ғылыми семинар өтті.
Семинар барысында жас зерттеушілерге ғылыми мақала жазудың қыр-сыры жан-жақты түсіндіріліп, маңызды баяндамалар жасалды.
Мырзабек Нүрила: «Ғылыми мақала: құрылым және рәсімдеу» тақырыбында мақаланың негізгі талаптары мен құрылымдық ерекшеліктеріне тоқталды.
Айтқазы Шұғыла: «Ғылыми мақала жазуда ЖИ-ді орынды пайдалану» бағытында заманауи жасанды интеллект құралдарын зерттеу жұмыстарында тиімді қолдану жолдарын көрсетті.
Доскельдина Айдана: «Ғылыми журнал таңдау алгоритмі» тақырыбында халықаралық және отандық басылымдарды іріктеу, дұрыс журнал таңдау, журналдың сенімділігін тексеру жолдарын түсіндірді.
Семинарға қазақ тілі мен әдебиеті, журналистика мамандығының студенттері, магистранттары мен докторанттары, оқытушылары қатысып, шара соңында өздерінің сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты.

