Қазақ күресінен жарыс өтті

Қазақ күресінен Жетісу университетінің студенттері арасында Басқарма Төрағасы — Ректор Кубогі жарысы өтті.

Жарысқа салмақтары 60, 66, 74, 82, 90, 90+келідегі 36 студент қатысты.

Жарысқа спортклуб жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері — Қанат Шоңырақов төрелік етті.

Жарыстың мақсаты — факультет студенттері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жекелей спорттық шеберліктерін арттыру.

Жарыстың қортындысы бойынша
1-орынды Гуманитарлық факультеті,
2-орынды Құқық және экономика факультеті,
3- орынды Жаратылыстану-техника факультеті иеленді.

Жарыс жеңімпаздары Басқарма Төрағасы — Ректордың кубогі, грамотасымен марапатталды.

#SDG #ТДМ #ЦУР