Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Тарих – ұлттың ұлы қазынасы» атты Тарих апталығының қорытынды салтанатты жабылу кеші

2026 жылғы 19 қараша күні көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның 160 жылдығына арналған «Тарих – ұлттың ұлы қазынасы» атты Тарих апталығының қорытынды салтанатты жабылу кеші жоғары деңгейде өтті.

Қорытынды кеш барысында апталық аясында ұйымдастырылған танымдық іс-шаралар, тарихи-шығармашылық байқаулар, зияткерлік сайыстар мен пәндік олимпиадалардың нәтижелері қорытындыланды. Апталыққа белсенді қатысып, терең білімімен, шығармашылық қабілетімен және жоғары жауапкершілігімен ерекшеленген білімгерлер арнайы Алғыс хаттармен және марапаттармен марапаттталды.
Іс-шараға Гуманитарлық факультеттің деканы Р.С. Желдібаева, Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлер қатысты. Факультет деканы мен кафедра оқытушылары білімгерлерге жылы лебіздерін білдіріп, апталық аясында өткізілген іс-шаралардың тәрбиелік және танымдық маңызына ерекше тоқталды. Сондай-ақ білім сайыстары мен пәндік олимпиаданың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтіп, белсенділік танытқан білімгерлерге алғыстарын жеткізді.

Апталық барысында білімгерлер ұлттық тарихымыздың маңызды кезеңдері мен тарихи тұлғалардың өмір жолын тереңірек танып, өз білімдерін жетілдіруге мүмкіндік алды. Түрлі форматта ұйымдастырылған іс-шаралар олардың тарихи ойлау, зерттеу, талдау, пікір білдіру және топпен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Салтанатты жабылу кешінде апталықтың мазмұнды сәттері қорытындыланып, қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. Ұлттық тарихты насихаттауға, білімгерлердің отансүйгіштік сезімін арттыруға және тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған Тарих апталығы өз мақсатына толық жетті.

Тарихын таныған, өткенін құрметтеген ұрпақтың болашағы жарқын! Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы білім сайыстарында толағай табыс тілейміз!