ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультеті, «Филология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Аяна Аюпова ҚР Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ – 2026» халықаралық байқауының жеңімпазы атанды.

Аталған байқау Азия елдерінің дарынды және белсенді жастарын қолдау, студенттердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, білім мен ғылымға деген қызығушылығын арттыру және халықаралық жастар ынтымақтастығын нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Аяна оқудағы жоғары жетістіктері, қоғамдық белсенділігі, көшбасшылық қасиеттері мен білімге деген ұмтылысы үшін халықаралық байқау жеңімпазының дипломымен марапатталды.

Ғылыми жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері Динара Есімбекова.

Аяна мен ғылыми жетекшісін халықаралық деңгейдегі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

#ЖетісуУниверситеті #ГуманитарлықФакультет #Филология #АзияныңҮздікСтуденті2026 #SDG #ЦУР #ТДМ