БІЛІМГЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ
Орталықтың мақсаты білімгерлерге уақтылы және сапалы қызмет көрсету болып табылады.
міндеттер
- Қызметтің уақытылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету;
- Өтініш берген кезде білімгерлерге ақпараттық көмек көрсету;
- Білімгерлерге электрондық қызмет көрсету жүйесін ұйымдастыру және дамыту;
- Білімгерлердің қозғалысын есепке алу.
қызметтер
- Білімгерлердің өтініштерін қабылдау және тіркеу;
- Ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын, олардың дұрыс жасалуын және толтырылуын тексеру;
- Өтініштердің барлық түрлерін қарау және өңдеу;
- Онлайн қызмет санын арттыру;
- "Smart Zhetysu" АЖ және ҰББДҚ-нан контингенттің қозғалысын ескере отырып, білімгерлердің жеке деректерін толтыру;
- Білімгерлердің жеке істерін сақтау.
Жетістіктері
Қазан 2020
One-Click " Сервисі"
Оқу орнынан анықтама алу бойынша білімгерлердің жеке кабинетінде сервис іске қосылды.
Қаңтар 2021
Online өтініш
Білімгерлердің жеке кабинетінде өтініш беру бойынша сервис іске қосылды.
- Оқудан шығаруға өтініш
- Жатақханадан орын алуға өтініш
- БББ-дан БББ-ға ауыстыруға өтініш
- Бос білім беру гранттары конкурсына қатысуға өтініш
- Жеке дербес деректерді өзгертуге өтініш
- Оқытудың бір тілінен екіншісіне ауыстыру туралы өтініш
- Бір оқу түрінен екіншісіне ауыстыру туралы өтініш
- Академиялық демалыс беруге өтініш
- Басқа ЖОО-ға ауысуға өтініш
Желтоқсан 2021
Цифрлық қызметтер
2021 күнтізбелік жыл ішінде БҚКО "Бір рет басу қызметі" жобасы 100% іске асырылды.
Қаңтар 2022
Білімгерлердің жеке профилі
Білімгерлердің жеке кабинетінде "Менің профилім" модулі іске асырылды. Бұл модульде білімгерлер өздерінің ақпараттық дербес деректерін жаңарта алады.
Мамыр 2022
Өткізу парағы
Түлектер үшін білімгерлердің жеке кабинетінде электрондық өткізу парағы іске қосылды.
Қыркүйек 2022
Білімгердің жеке куәлігі
Білімгердің жеке кабинетінде студенттің электрондық жеке күәлігі әзірленді.
Қызметтер
ОНЛАЙН ӨТІНІШ БЕРУ
АНЫҚТАМАЛАРДЫ ОНЛАЙН АЛУ
БІЗДІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР