AP19678345 Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТУРАЛЫ:

  • Жобаның атауы:

    Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

  • Жобаның мақсаты: Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту компоненттерінің мазмұнын ашып, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу, бастауыш білім беру жүйесіне бейімделген мамандарды даярлаудың білім беру бағдарламасын жетілдіруде оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу 
  • Тапсырмалар:

Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктерінің мазмұндық компоненттерінің ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеу.

  • Жоба идеясы:

Жобада болашақ бастауыш сынып мұғалімінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытудың жаңаша жолдары мен қазіргі ғылыми-әдістемелік жүйесін қарастырып, кәсіби маман даярлаудағы әлеуетін жетілдірудің басымдыққа ие құрамдық бөлігі ретінде қарастырған.

Қазақстандық білім беру жүйесінде толық қалыптасқан заманауи бәсекеге қабілетті және кәсіби әлеуеті бар педагог кадрларды даярлау проблемасы қазіргі заманғы педагогикалық білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Болашақ мұғалімнің өз кәсіби қызметіне қатысты білім мен тәжірибені жеткілікті меңгеру оның әлеуетінің толық болуындағы көріністі беретін зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға тікелей байланыстылығы қарастырылады. Бұны әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қарастыруда болашақ мұғалімдерді даярлауда ЖОО-дағы мамандық бойынша білім беру бағдарламаларының мазмұндық құрылымдарын жетілдіру барысы қазіргі педагогикалық жүйе үдерістеріне қойылған міндеттерді орындау және жүзеге асыру қажеттілігінен туындауда. Болашақ мұғалімінің кәсіби қызметінің компенентін құрайтын зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін жеке ерекшеліктері тұрғысынан қарастыра отырып, дамыту өзекті және қажеттілік болып табылады.

  • Күтілетін нәтижелер:
  1. Қазақстандық баспаларда оқу және оқу-әдістемелік құралдар жариялау.
  1. Қазақстан Республикасының Әділет минстрлігінен жоба аясында дайындалған оқу және оқу-әдістемелік құралдарға Авторлық құқықпен қорғалатын куәліктерін алу.
  1. Ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу – жоқ.
  1. Әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қоғамдастығы және қалың жұртшылық арасында жұмыс нәтижелерін тарату жолдары – нәтижелер мазмұнын бертін ғылыми-әдістемелік жарияланымдар /оқу және оқу-әдістемелік құралдар, шетелдік және отандық баспа беттерінде ғылыми танымдық мақалалар/ мен ғылыми-теориялық және әдістемелік конференциялар, семинарлар ұйымдастыру арқылы ғылыми ортада баяндамалар жасау.
  1. Конкурстық құжаттаманың талаптарына және жобаның ерекшеліктеріне сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер. Бөлімде:

1) Күтілетін нәтижелердің әрқайсысының қолданылу саласы және мақсатты тұтынушылары — зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми әдістемлік негізделген материалдар оқу және оқу-әдістемелік құралдар түрінде рәсімделеді. Бұл материалдар: еліміздегі ЖОО-да болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға, ғылыми-педагогикалық қызметкерлер арасында ғылыми танымдық және білім беру ортасының әлеуетін дамытуға негіз болады, сондай-ақ болашақ бастауыш сынып мұғалімін даярлайтын бөлімдердегі студенттер, магистранттар, докторанттардың білім беру бағдаламасын жетілдіруге пайдаланады.

2) Күтілетін нәтижелердің ғылым мен технологиялардың негізгі ғылыми бағыты мен сабақтас салаларын дамытуға әсері – болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда ғылыми теориялық және әдістемелік мазмұнын заманауи білім беретін философиялық негіздеріне жаңаша көзқарас тұрғысынан сипатама беру. Педагогикалық қызметтегі жалпы кәсби құзырыеттіліктерге негізделе отырып зерттеушілік құзыреттілікті ұйымдастыру мен жүргізуде технологиялық жүйесін аша келе, педагогтың шығармашылық қабілетін дамытуға негіз болатын сабақтастығын ғылыми-әдістемлік тұрғыдан ашу.

3) Алынған ғылыми нәтижелерді коммерцияландырудың қолданылымдығы және (немесе) мүмкіндігі — жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даялаудағы білім беру бағдарламасының аясында ұйымдастырылатын оқу процесінде, мамандықтың кәсіби білімдерін арттыру мен жетілдіру барысындағы тәжірибесінде қолданылады. Коммерцияландыру мүмкіндігі – егер, ұсынылған тақырыптық жоба ұтып алынған жағдайда болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың сапалық мүмкіндігі артады, бұл бастауыш сынып мұғалімдерінің қайта даярлау мен осы бағыттағы біліктілігін жетілдіру мәселесін шешеді. Ол мемлекеттік қаржы шығынын үнемдеуге мүмкіндік береді. Алайда, осы бағыттағы білім мен тәжірибеге қажеттілік туған жағдайда арнайы курстарды ұйымдастыру мен өткізуге болады. Сапалы білім беруді жүзеге асырушы болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін /КП — (таңдау компонент пәндері)/ қалыптастыру мен арттырудың әдістемелік жүйесін құру, жаңаша тәсілдерді ЖОО-ның педагогикалық үдерісіне енгізіледі.

4) Негіздемесі бар жоба нәтижелерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсері – ғылыми жоба болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың сапасын арттыруға ғылыми әдістемелік тұрғыда талдаулар жасайды. Сонымен бірге, әлеуметтік педагогикалық жағдайда мұғалімнің кәсіби әлеуетін арттыруға негіз болып, болашақ мамандарды даярлаудағы экономикалық негіздегі сапалы мамандармен қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты әдістемелік база әзірленеді. Кәсіби қызметтегі зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы болашақ бастауыш сыныш мұғалімдерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мазмұны жаңа білімдер тұрғысынан ғылыми әдістемелік жүйеде негіздеп оқытуды іске асыру – бұл мамандарды қайта даярлауға қажеттіліктің азаюына және қаржылық шығындардың төмендеуіне әсер етеді.

5) Жобаның сапалық және сандық сипаттамаларымен бірге басқа да тікелей және жанама нәтижелері қосымша көрсетілуі — болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметіндегі зерттеушілік құзыреттілік әрекеттері арқылы олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жобасының нәтижелері Қазақстанның педагогикалық ғылымның дамуына сапалық жағынан өз үлесін қосады. Сондай-ақ, ЖОО-дары арасында заманауи педагог мамандарын дайындаудағы бәскелестің артуына ықпал жасаап, сандық және сапалық жағынан сұрыпталуына өз әсерін тигізеді. Болашақ мамандарды даярлаудағы білім беру бағдарламаларының мазмұыны жетілдіруде түрлі баламалы /элективті курстарды/ пәндерді енгізу арқылы олардың білім траекторияларын бағыттық болжамдық анықтауға мүмкіндік береді.