AP22683901 Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ физика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТУРАЛЫ
- Жоба атауы: Ақпараттық білім беру ортасы жағдайында жұмыс істеу үшін болашақ физика мұғалімдерін даярлауды жетілдіру.
- Жобаның мақсаты: білім беруді жаһандандыру жағдайында болашақ физика мұғалімдерін ақпараттық білім беру ортасында жұмыс істеуіне кәсіби, әдістемелік дайындау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау, теориялық негіздеу және әдістемелік қолдау ресурстарын дайындау.
- Міндеттері:
- «Ақпараттық білім беру ортасы», «Ақпараттық білім беру ортасы мүмкіндіктерін қолдану бойынша мұғалімнің құзіреттілігі» түсініктері, «ХХІ ғасырдағы маңызды дағдыларды қалыптастырудағы ақпараттық білім беру ортасының ролі» мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге талдау жүргізу.
- Анықтау эксперименті барысында Жетісу облысы мен Талдықорған қаласының жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері арасында сауалнама өткізу.
- Ақпараттық білім беру ортасының физика мұғалімінің кәсіби қызметінің мазмұнын жетілдіру мен физика бойынша жалпы орта білім беру аяқталғанда күтілетін нәтижелерге жетудегі мүмкіндіктерін анықтау.
- В010 «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы бойынша физика мұғалімдерін даярлаудың қазіргі жай-күйін, білім беру бағдарламаларын, силлабустарды талдау.
- Тәжірибелі физика пәні мұғалімдері, профессор-оқытушылар құрамы, мектеп әкімшілігі өкілдері мен білім алушылардың қатысуымен форсайт сессия өткізу нәтижесінде болашақ физика мұғалімдерін даярлау жүйесін жетілдіру бағыттарын анықтау.
- Физика пәні мұғалімдеріне ақпараттық білім беру ортасы мүмкіндіктерін кешенді таныстыруға мүмкіндік беретін білім беру платформасын құру.
- Физика мұғалімдері үшін ақпараттық білім беру ортасы құралдарын кешенді пайдалану бойынша жаппай ашық онлайн курстың құрылымы мен мазмұнын әзірлеу. В010 «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларына арналған «Ақпараттық білім беру ортасындағы педагогикалық дизайн» элективті курс бағдарламасын дайындау.
- Зерттеу нәтижелерін талдау, түзету шараларын жүргізу және ұсыныстар әзірлеу.
- Жобаның идеясы: Білім беруді дамытудың қазіргі кезеңі оның сапасына қойылатын талаптардың артуымен, оқыту нәтижелерінің қазіргі қоғамның сұраныстарына сәйкес болу қажеттілігімен сипатталады. Білім берудің сапалық жағынан басқа деңгейге ауысуы мен жаңа басымдықтардың қалыптасуы жағдайында, қолданыстағы білім беру жүйесі, білім беру ортасы оларға қойылатын талаптардың қарқынды өзгеруіне төтеп бере алмайды. Осыған байланысты соңғы жылдары дербес оқу қызметіне бағытталған жағдайларды қамтамасыз етуге, білім алушылардың шығармашылық қабілеттері мен тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған АКТ құралдары негізіндегі ақпараттық білім беру ортасын қалыптастырудың, жүзеге асыру мен дамытудың негізгі принциптері айқындалуда. Ұсынылып отырған зерттеу жұмысы жаһандық өзгерістерге сәйкес физика пәні мұғалімдерін ақпараттық білім беру ортасы мүмкіндіктерін жан-жақты қолдануына дайындауға бағытталған.
- Күтілетін нәтижелер:
1) Web of Science деректер базасында Arts and Humanities Citation Index немесе Social Science Citation Index-те индекстелетін немесе Scopus деректер базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар ғылыми басылымдарда 2 (екі) мақала;
Немесе:
— рецензиялаудан өткен және кемінде екі профессор ғылыми атағының және/немесе ғылым докторы ғылыми дәрежесінің иегерлері жариялауға ұсынған постдокторанттың үлесі 6 б. п. кем емес 1 (бір) монография;
— рецензияланған шетелдік және (немесе) ҒЖБССҚК ұсынған отандық басылымдарда 5 (бес) мақала және (немесе) шолу жариялау;
2) Физика мұғалімдері үшін ақпараттық білім беру ортасы құралдарын кешенді пайдалану бойынша жаппай ашық онлайн курстың құрылымы мен мазмұнын әзірлеу;
3) В010 «Физика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобына арналған «Ақпараттық білім беру ортасындағы педагогикалық дизайн» элективті курс бағдарламасын дайындау;
4) жобаны іске асыру барысында дайындалатын білім беру платформасына қазақстандық патенттік бюродан авторлық куәлік алу;
5) зерттеу саласы бойынша халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу кезінде жетекші ғалымдар арасында жұмыс нәтижелерін тарату.
