AP23488199 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау
ҒЫЛЫМИ ЖОБА ТУРАЛЫ:
- Жобаның атауы:Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау
- Жобаның мақсаты: Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлаудың мәселесін ғылыми-теориялық тұрғыда негіздеу және әдістемелік қамтамасыз ету.
- Тапсырмалар:
1 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлаудың ағымдағы жағдайын талдау.
2 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлаудың әдіснамасын психологиялық-педагогикалық жұмыстар негізінде жүзеге асыру
3 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлауға әдістемелік материалдар әзірлеу.
4 Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау әдістемесін сынақтан өткізу, зерттеу нәтижелерін талдау және ұсыныстар әзірлеу.
Жоба идеясы:
Шешуге жоба бағытталған проблема: Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлауды ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттеу қажеттілігі.
Білім беру кеңістігінде инклюзивті ортаның қажеттілігін дәйектеу, ең алдымен, өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсінетін, кәсіби қызметті орындауға жоғары мотивациясы бар, ерекше қажеттіліктері бар балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін білетін, білім беру ортасының барлық субъектілері арасында сындарлы педагогикалық өзара әрекеттесуді жүзеге асыра алатын білікті болашақ педагогтерді даярлаумен ерекшеленеді. Сондықтан да, біз жоба аясында инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлауды әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік, оның ішінде ел өңірлеріндегі проблемаларды шешу бойынша негізгі үш аспектіде қарастырамыз:
әлеуметтік-педагогикалық аспектіде — отандық білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді енгізу мен іске асыруға арналған әлеуметтік тапсырыс, білікті мамандардың жетіспеушілі, кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын педагог кадрлардың жаңаша білім беру жағдайындағы қызметі;
экологиялық-аймақтық аспектіде — аймақтық даму жоспарларының әлеуметтік бағдарланған басым бағытына сәйкес инклюзивті білім беру жағдайын қамтамасыз ету, даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдау және ерте түзетумен қамту, халықтың радиациялық қауіпті қабылдау мәселелеріне, осы жағдайда туындайтын психологиялық көріністердің сипатына, әртүрлі психологиялық бұзылулардың қалыптасуына түрлі полигондардың зардабының салдарынан ерекше қажеттіліктері бар балалардың санының артуы;
ғылыми-әдістемелік аспектіде — инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау қажеттілігі мен педагогика ғылымы практикасындағы тұлғаны қалыптастыру мазмұны мен технологияларының ғылыми негіздемесін, бағдарламалық-әдістемелік материалдарын жүзеге асыру.
- Күтілетін нәтижелер:
1) Social Science Citation Index индекстелетін, CiteScore бойынша Scopus базасында кемінде 65 процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдарда 1 мақала немесе шолу;
2) ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымда 2 мақала немесе шолу;
3) «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша бұқаралық ашық онлайн-курс әзірлеу;
4) Ғылыми тағылымдама, біліктілікті арттыру курсынан өту, конференцияларға баяндама дайындау, ғалымдар қоғамдастығымен жұмыс нәтижелерін тарату, ресурс орталығын ашу;
5) «Инклюзивті білім беру: теория және практика» оқу құралын шығару;
6) жобаны іске асыру нәтижелері бойынша философия докторын (PhD) дайындау.