AP23488859 Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу
Жаңалықтар мен оқиғалар
Қытай
Халық Республикасындағы ғылыми іссапар туралы
2026 жылғы
19-22 наурыз аралығында Молекулалық генетика және геномика зертханасының
меңгерушісі жоба жетекшісі Ермекбаев Қанат Абайұлы Қытай Халық Республикасының
Сиань қаласына қызметтік іссапармен барды.
Іссапардың
негізгі мақсаты – халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу,
заманауи ғылыми технологиялармен танысу және бірлескен ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылау болды. Іссапар аясында Шэньси
ғылым және технология университеті мен Шэньси ауылшаруашылық университетіне
ресми сапар ұйымдастырылды.
Сапар
барысында аталған жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу инфрақұрылымымен,
зертханалық базасымен және ауыл шаруашылығы, биотехнология, генетика және
геномика салаларында жүргізіліп жатқан ғылыми жобалармен танысу жүзеге
асырылды. Сонымен қатар өсімдік генетикасы, селекция, молекулалық маркерлік
технологиялар, геномдық талдау және заманауи фенотиптеу әдістері бойынша
тәжірибе алмасу кездесулері өткізілді.
Шэньси ғылым және технология университетінің ғалымдарымен кездесу барысында өсімдік биотехнологиясы және молекулалық генетика бағыттарындағы ғылыми зерттеулер талқыланып, қолданылып жатқан зерттеу әдістері мен технологиялық шешімдер бойынша ақпарат алмасу жүргізілді. Университеттің ғылыми зертханаларына бару кезінде генетикалық талдау, биоинформатика және жоғары өнімді зерттеу жабдықтарының жұмысымен танысу мүмкіндігі болды.
Шэньси ауылшаруашылық университетінде ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық ресурстарын зерттеу, селекциялық бағдарламаларды жетілдіру, геномдық селекция және заманауи агробиотехнологиялық тәсілдерді енгізу мәселелері қарастырылды. Қытайлық әріптестермен бидай және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын жетілдіруге бағытталған инновациялық технологиялар бойынша пікір алмасу өткізілді.
Алматы
қаласындағы ғылыми серіктестермен бірлескен зерттеулерді үйлестіру жөніндегі
жұмыс сапары
2025 жылғы
26–27 қыркүйек аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институтының Молекулалық генетика
және геномика зертханасының меңгерушісі, ғылыми жоба жетекшісі Ермекбаев Қанат
Абайұлы Алматы қаласына ғылыми іссапармен барды.
Іссапардың
мақсаты – ЖТН АР23488859 «Орталық Азия бидайына толық геномды
сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері
арқылы құндылықтар қосу» ғылыми жобасы аясында жүргізіліп жатқан зерттеу
жұмыстарының орындалу барысын бақылау және ғылыми серіктестермен бірлескен
жұмыстарды үйлестіру болды.
Іссапар
барысында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының
ғылыми қызметкерлерімен жұмыс кездесулері өткізіліп, жоба бойынша жүзеге
асырылып жатқан зерттеулердің аралық нәтижелері талқыланды. Әсіресе
автоматтандырылған фенотиптеу технологияларын пайдалану арқылы бидай
генотиптерін бағалау, фенотиптік мәліметтерді жинау және өңдеу, сондай-ақ
селекциялық құндылығы жоғары материалдарды анықтау мәселелеріне ерекше назар
аударылды.
Жұмыс сапары
кезінде далалық тәжірибе алаңдарына мониторинг жүргізіліп, тәжірибелердің
қойылуы, зерттеу әдістемелерінің сақталуы және өсімдіктердің морфологиялық
көрсеткіштерін тіркеу жұмыстары қарастырылды. Далалық жағдайларда фенологиялық
бақылаулардың жүргізілуі, өсімдіктердің өсу және даму ерекшеліктерін бағалау,
өнімділік элементтерін анықтау және жиналған деректердің сапасын бақылау
жұмыстары жүзеге асырылды.
Сонымен қатар ғылыми ұйым мамандарымен заманауи фенотиптеу платформаларын қолдану, цифрлық технологиялар арқылы алынатын мәліметтердің дәлдігін арттыру және оларды селекциялық бағдарламаларға енгізу мүмкіндіктері талқыланды. Зерттеу барысында алынған фенотиптік ақпаратты геномдық деректермен байланыстыру жолдары қарастырылып, селекциялық процесті жеделдетуге бағытталған тәсілдер бойынша тәжірибе алмасу жүргізілді.
Іссапар аясында ғылыми жобаның келесі кезеңдеріне қатысты жоспарлар нақтыланып, далалық зерттеулердің тиімділігін арттыру, автоматтандырылған фенотиптеу әдістерін жетілдіру және бірлескен ғылыми жұмыстарды жалғастыру мәселелері бойынша келісімдер жасалды.
Астана қаласындағы ғылыми іссапар туралы
2025 жылғы 20–26 шілде аралығында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Биотехнология және экология ғылыми-зерттеу институты, Молекулалық генетика және геномика зертханасының меңгерушісі, ғылыми жоба жетекшісі Ермекбаев Қанат Абайұлы ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру және бақылау мақсатында Астана қаласына іссапармен барды.
Іссапар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті қаржыландыратын гранттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның тақырыбы – ЖТН АР23488859 «Орталық Азия бидайына толық геномды сканерлеу, автоматтандырылған фенотиптеу және интенсивті селекция әдістері арқылы құндылықтар қосу».
Іссапар барысында Ермекбаев Қанат Абайұлы екі жетекші ғылыми ұйымның жұмысымен танысып, бірлескен зерттеулердің орындалу барысын бақылап, жоба міндеттерін жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмыс кездесулерін өткізді:
—С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті;
—А.И.Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы.
Іссапардың негізгі мақсаты
Іссапардың басты мақсаты жоба аясында жүргізіліп жатқан зерттеулердің орындалу барысын бақылау, ғылыми әріптестермен тәжірибе алмасу және қазіргі заманғы селекциялық технологияларды қолдану бойынша бірлескен жұмыстарды үйлестіру болды.
Жоба шеңберінде ерекше назар келесі бағыттарға аударылды:
—бидайдың перспективалы генотиптерін зерттеу;
—автоматтандырылған фенотиптеу технологияларын енгізу;
—далалық эксперименттердің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бағалау;
—жоғары өнімді және климаттық факторларға төзімді селекциялық материалдарды іріктеу;
—геномдық және фенотиптік деректерді біріктіре отырып, селекция тиімділігін арттыру.
Іссапар барысында ғылыми-зерттеу алаңдары мен тәжірибелік танаптар қаралып, далалық тәжірибелердің қойылу сапасы мен зерттеу әдістемелерінің сақталуы бағаланды. Сонымен қатар автоматтандырылған фенотиптеу жүйелерінің жұмыс принциптері мен оларды селекциялық бағдарламаларда қолдану мүмкіндіктері талқыланды.
Ғалымдармен өткізілген жұмыс кездесулерінде:
—зерттеу нәтижелерінің аралық қорытындылары талданды;
—далалық және зертханалық жұмыстардың орындалу кезеңдері қарастырылды;
—геномдық зерттеулер мен фенотиптік бағалау нәтижелерін біріктіру мәселелері талқыланды;
—жобаның келесі кезеңдеріне арналған жұмыс жоспары нақтыланды.
Сондай-ақ ғылыми мекемелер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, бірлескен жарияланымдар дайындау және селекция процесіне заманауи молекулалық-генетикалық әдістерді кеңінен енгізу бағыттары бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Жоба аясында патент алынды— Patent
