AP25793809 Бие сүтінің әртүрлі төмен температурадағы табиғи микробтық құрамының динамикалық өзгерістерін және оның физикалық-химиялық қасиеттерімен байланысын зерттеу
Ғылыми жоба туралы
- Жобаның атауы:
Жасанды интеллект тілдік емес мамандықтар студенттерінің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі көмекшісі ретінде: рандомизацияланған зерттеу
- Жобаның мақсаты:
Кәсіби жоғары білім беру бағдарламаларына енгізу үшін жаңа буындағы генеративті жасанды интеллект ресурстарын тілдік емес мамандықтардағы білімгерлердің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі тиімділігін анықтау.
- Міндеттері:
1) Академиялық ағылшын тілін оқытуда жасанды интеллектті қолданудың теориялық негіздерін дәлелдеу;
2) Академиялық ағылшын тілін меңгеруде көмекші құрал ретінде қолдануға болатын тиімді ЖИ құралдарын іріктеу;
3) Таңдалған платформалардың функционалдығы мен тиімділігін алдын ала сынақтан өткізу;
4) Зерттелетін сипаттамалар бойынша алдын ала эксперименталды бағалау жүргізу;
5) Академиялық ағылшын тілін оқытуда ЖИ құралдарын қолданудың әсерін зерттеу үшін педагогикалық эксперимент өткізу;
6) Эксперименттен кейінгі кезеңде зерттелетін сипаттамаларды бағалау;
7) Эксперимент нәтижелерінің тиімділігін анықтау үшін статистикалық әдістерді қолданып деректерді талдау;
8) Таңдалған ЖИ құралдарын енгізу үлгісін университет әкімшіліктеріне, оқытушыларға және жоғары білім беру ұйымдарына ұсыну;
9) Оқытушыларға ЖИ құралдарын педагогикалық тәжірибеге енгізу әдістері бойынша оқыту сессияларын ұйымдастыру;
10) Жұмыс оқу бағдарламаларын құрастырушылармен ынтымақтастық орнатып, ЖИ құралдарын оқу үдерісіне интеграциялау және білім беру мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
11) Алынған нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау, әрі халықаралық рецензияланатын журналдарда жариялау.
- Жобаның идеясы:
Жоба идеясы − тілдік емес мамандықтарда оқитын студенттердің академиялық ағылшын тілін меңгеру дағдыларын жетілдірудегі жасанды интеллект құралдарының тиімділігін анықтау, тілдік кедергілерді жеңуге және студенттердің жаһандық академиялық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу. Зерттеу нәтижесінде бұл құралдарды оқу бағдарламаларына енгізуге арналған өлшенетін нәтижелер ұсынылады.
- Күтілетін нәтижелер:
Жобаның нәтижелері мынадай түрде жүзеге асырылады:
- Халықаралық және отандық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланымдар:
— Arts and Humanities Citation Index немесе Social Sciences Citation Index деректер базасына кіретін Web of Science ғылыми басылымында немесе Scopus базасында кемінде 35 процентиль бойынша 2 (екі) мақала жариялау;
-Кемінде 2 ғылыми мақала және (немесе) шолу мақаласын ҒЖБМ БҒССҚК ұсынған отандық және (немесе) шетелдік рецензияланатын басылымдарда жариялау;
- Шетелдік және (немесе) қазақстандық баспаларда монографиялар, кітаптар және (немесе) кітап бөлімдерін жариялау:
-Кемінде 6 баспа табақ көлеміндегі, екі профессор және (немесе) ғылым докторының ұсынысымен рецензиядан өткен, постдокторанттың үлесі бар монография жариялау;
- Шетелдік (еуропалық, американдық, жапондық) немесе Қазақстан мен Еуразиялық патент бюроларынан патент алу жоспарланбайды;
- Ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттама жасау жоспарланбаған;
- Жобаның аяқталуынан кейін нәтижелерді, тренинг бағдарламаларын әлеуетті қолданушылар, ғылыми қауымдастық және халық арасында тарату жоспарланады, соның ішінде CGScholar халықаралық зерттеу платформасында;
- Жобаның ерекшелігіне және конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкес басқа да өлшенетін нәтижелер:
-Жүргізілген эксперимент негізінде академиялық ағылшын тілін меңгеруде тиімділігі алдын ала бағаланған және мұқият таңдалған жасанды интеллект құралдары ұсынылады. Таңдаудың тиімділігі мен функционалдығы негізінде дәлелді түсіндірме беріледі;
-Зерттеу нәтижесінде жасанды интеллект құралдарын оқу бағдарламаларына енгізудің құрылымы (моделі) әзірленіп, университет әкімшіліктеріне, оқытушыларға және білім беру саласын басқарушы құрылымдарға арналған практикалық ұсыныстармен толықтырылады;
-Ағылшын тілі оқытушыларына жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану дағдыларын меңгеруге көмектесетін шетелдік кеңесші Liam Magee қатысуымен семинарлар ұйымдастырылады;
-Жұмыс оқу бағдарламаларын жасаушылармен бірлескен жұмыс ЖИ құралдарын қолданыстағы оқу бағдарламаларына оңтайлы интеграциялауға және білім беру мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
1)Ғылыми нәтижелердің қолданылуы:
Алынған нәтижелер тілді меңгеру, білім беру технологиялары және білім берудегі ИИ салаларындағы ғылыми әдебиеттерде қолданылуы мүмкін. Нәтижелердің мақсатты тұтынушылары − білім беру, қолданбалы лингвистика және білім беру технологиялары салалары.
2) Нәтижелердің негізгі ғылыми бағыттар мен сабақтас ғылым және технология салаларына әсері:
Жоба тілді меңгерудегі жасанды интеллект рөлін түсінуге ықпал етіп, академиялық ағылшын тілін оқытудағы ЖИ құралдарын тиімді қолданудың эмпирикалық дәлелдерін ұсынады. Сабақтас салалар: педагогикалық психология, когнитивтік ғылым және компьютерлік тіл үйрену (CALL).
3) Ғылыми нәтижелердің қолдану мүмкіндігі және (немесе) коммерциялануы:
Коммерцияландыру әлеуеті жоғары. Мысалы: академиялық ағылшын тілін меңгеруге арналған қосымшаларды әзірлеу, оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсыну.
4) Жобаның әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) басқа да әсері:
Әлеуметтік әсері − тілдік емес мамандықтардағы студенттердің академиялық ағылшын тілін меңгеруінің жақсаруы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырып, еңбек нарығындағы әлеуметтік әділеттілікке ықпал етеді.
Ғылыми-техникалық әсері − жоба жасанды интеллект және білім беру салаларындағы білімді тереңдетіп, ғылыми қауымдастықтардағы жаңа инновацияларға және ынтымақтастыққа жол ашады.
5) Нәтижелерді тарату:
Жобаның нәтижелері әлеуетті пайдаланушылар, ғалымдар қауымдастығы және жұртшылық арасында кеңінен таратылады. Бұл ғылыми жарияланымдар, баяндама жасау және ғылыми қауымдастықтарда нәтижелерді талқылау арқылы жүзеге асырылады.
