AP25794537 Жасанды интеллект тілдік емес мамандықтар студенттерінің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі көмекшісі ретінде: рандомизацияланған зерттеу

Жаңалықтар мен оқиғалар

Желдибаева Райгуль Сериковна

CyberScholar веб-қосымшасының пилоттық апробациясы әлемнің Топ 50 үздік университеттерінің қатарындағы   Иллинойс Урбана-Шампейн университетімен (АҚШ) бірлесе өтті

https://zhetysu.edu.kz/2025/11/17/cyberscholar

Желдибаева Райгуль Сериковна

Грантқа қатысу:

  1. AP25794537 ғылыми жобасының ғылыми жетекшісі
    «Жасанды интеллект тілдік емес мамандықтар студенттерінің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі көмекшісі ретінде: рандомизацияланған зерттеу» жобасы, 2025–2027 жж.
  2. «Болашақ – 500 ғалым» бағдарламасы бойынша халықаралық ғылыми тағылымдама
    University of Illinois, АҚШ, 2024–2025 жж.
  3. BR21882318 ғылыми жобасының орындаушысы
    Университеттің «online community» жүйесінде оқытушылар мен студенттердің желілік коммуникативтік мәдениетін, цифрлық этикетін қалыптастыру жүйесін кастомизациялау, 2023 ж.
  4. Erasmus+ KA107 халықаралық стипендиясы
    Испания, 2018 ж.
  5. Erasmus+ KA107 халықаралық стипендиясы
    Испания, 2016 ж.

Марапаттар:

 

  1. 2025 ж. «ЖОО Үздік оқытушысы −2025» атағы

  2. 2024 ж. – ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің алғыс хаты (Астана қ.)
  3. 2024 ж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректоры м.а.-ның алғыс хаты
  4. 2022 ж. – «Zhetysu-StartUP 2022» инновациялық идеялар мен жобалар байқауында ғылыми жетекші ретінде II дәрежелі диплом
  5. 2023 ж. – X Халықаралық ғылыми-зерттеу байқауында (Ресей Федерациясы) ғылыми жетекші ретінде I дәрежелі диплом
  6. 2019 ж. – Тарту университеті (Эстония) ректорының алғыс хаты
  7. 2016 ж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті ректорының алғыс хаты
  8. 2009 ж. – «Алтын белгі» белгісінің иегері

Жетісу университетінің ғалымы ICETI 2026 халықаралық конференциясы аясында баяндама жасады

2026 жылғы 17–18 қыркүйек аралығында  Түркияның Стамбул қаласында Білім берудегі технологиялар мен инновациялар жөніндегі халықаралық конференция (International Conference on Education in Technology and Innovation — ICETI 2026) өтті. Ғылыми іс-шараны Халықаралық білім және ғылым зерттеулері қоғамы (ISRES) ұйымдастырды.

Конференцияға І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғалымы, AP25794537 «Жасанды интеллект тілдік емес мамандық студенттерінің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі көмекшісі ретінде: рандомизацияланған зерттеу» жобасының жетекшісі Райгүл Желдибаева қатысты.

Аталған жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас ғалым» бағдарламасы шеңберінде 2025–2027 жылдарға арналған жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылуда.

Жобаның жұмыс жоспарына сәйкес ғылыми іссапар барысында Райгүл Желдибаева «Modes of Engagement with AI-Generated Feedback: A Case Study of Three Pre-Service EFL Teachers» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін ауызша баяндама және ғылыми постер форматында ұсынды.

Зерттеуде болашақ ағылшын тілі мұғалімдерінің жасанды интеллект қалыптастырған кері байланысты қабылдау, талдау және оқу үдерісінде пайдалану ерекшеліктері қарастырылды. Бұл тақырып жобаның негізгі мақсаты — жаңа буындағы генеративті жасанды интеллект ресурстарын кәсіби жоғары білім беру бағдарламаларына енгізудің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі тиімділігін анықтаумен тікелей байланысты.

Конференция қорытындысы бойынша баяндама тезистері Abstract Book жинағына енгізіліп, зерттеудің толық нұсқасы конференция материалдарының Proceedings жинағында жарияланады.

ICETI 2026 халықаралық конференциясына қатысу жоба нәтижелерін шетелдік ғылыми қауымдастыққа таныстыруға, халықаралық әріптестермен тәжірибе алмасуға және зерттеудің ғылыми-әдіснамалық деңгейін арттыруға мүмкіндік берді.

Жас ғалым AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумына қатысты

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жас ғалымдар кеңесінің төрайымы, AP25794537 «Жасанды интеллект тілдік емес мамандық студенттерінің академиялық ағылшын тілін меңгерудегі көмекшісі ретінде: рандомизацияланған зерттеу» жобасының жетекшісі Райгүл Желдібаева 2026 жылғы 2–3 қазанда Астана қаласында ұйымдастырылған AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумына қатысты.

AI & Digital Bridge – Еуразиядағы жетекші технологиялық форумдардың және IT саласындағы ең ірі іс-шаралардың бірі. Форумның ресми бағдарламасы 2026 жылғы 1–3 қазан аралығында Астана қаласындағы EXPO халықаралық көрме орталығында өтті.

Ғылыми жоба Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас ғалым» бағдарламасы шеңберінде 2025–2027 жылдарға арналған жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыру аясында жүзеге асырылуда.

Форум аясында Райгүл Желдібаева екі маңызды сессияның жұмысына тыңдаушы ретінде қатысты. «Қоғамға арналған жасанды интеллект: қолжетімділік, даму және жаһандық сын-қатерлер» бағыты бойынша ұйымдастырылған «Тұрақты даму үшін жауапты жасанды интеллект: этика, сенім және адамға бағдарланған басқару» (Responsible AI for Sustainable Development: Ethics, Trust, and Human-Centric Governance) сессиясында жасанды интеллектіні әдепті әрі жауапкершілікпен пайдалану, қоғамдық сенімді қалыптастыру және адамға бағдарланған басқару қағидаттарын дамыту мәселелері талқыланды.

«Жаңа экономика: жасанды интеллект негізінде» (The New Economy: Powered by AI) сессиясында технология және бизнес көшбасшылары жасанды интеллектінің жаһандық экономиканы өзгерту үдерісі мен экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін қарастырды. Спикерлер жасанды интеллектіге негізделген экономиканы қалыптастыруға қажетті инфрақұрылым, инвестиция, адами капитал және халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

Форум барысында Райгүл Желдібаева ғылыми жоба нәтижелерін коммерцияландыру бағытындағы нетворкинг іс-шараларына қатысып, стартап өкілдерімен кәсіби байланыстар орнатты және жобаны одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер бойынша тәжірибе алмасты. Сондай-ақ Kazakh AI Research University қызметімен танысып, ықтимал ынтымақтастық бағыттарын қарастырды.

AI & Digital Bridge 2026 форумына қатысу ғылыми жоба нәтижелерін тәжірибеге енгізуге, оларды коммерцияландыру мүмкіндіктерін кеңейтуге және білім берудегі жасанды интеллект саласы бойынша жаңа әріптестік байланыстар орнатуға жол ашады.

#SDG #ЦУР #ТДМ