AP25796791 Табиғи цеолитті экстрагенттермен модификациялау арқылы ауыр металдардан ағын суларды тазалауда сорбциялық қасиеттерін жақсарту

Ғылыми жоба туралы

  • Жобаның атауы: Табиғи цеолитті экстрагенттермен модификациялау арқылы ауыр металдардан ағын суларды тазалауда сорбциялық қасиеттерін жақсарту.
  • Жобаның мақсаты: Жобаның мақсаты — өнеркәсіптік ағынды суларды тазалау үшін цеолит негізіндегі модификацияланған табиғи сорбентті қолданудың технологияларын әзірлеу және эксперименталды түрде тиімділігін бағалау.
  • Міндеттері: Жобаның міндеттері:
  1. Ағынды сулар мен су қоймаларының химиялық құрамы бойынша фактілік материалдарды жүйелеу, талдау және жинақтау;
  2. Текелі тау-металлургиялық кешенінің ТОО «ТГПК» базасында ауыр металдардың құрамын зерттеу;
  3. Табиғи сорбенттерді модификациялау әдісін таңдау және модификациядан кейін оның сорбциялық қабілетін бағалау бойынша зерттеу жүргізу;
  4. Тазалаудан өткен судың физика-химиялық және биологиялық жағдайын зерттеу. Модификацияланған сорбенттің механикалық беріктігін анықтап, физикалық және химиялық модификация әдісін ұсыну. Физикалық әдістерге табиғи сорбенттерді тұз қышқылының ультрадыбыстық алдын ала өңдеуден өткізу және кейінгі активациялау кіреді;
  5. «Қатты фазалық экстрагенттер» әдісі мен органополимерлерді синтездеу арқылы табиғи сорбенттерді модификациялаудың жаңа тиімді технологияларын әзірлеу, сондай-ақ ультрадыбыстың реагентке әсер етуі арқылы физикалық әдісті қолдану, оның нәтижесінде табиғи сорбенттер өңделеді;
  6. Модификацияланған табиғи сорбентті өнеркәсіптік ағынды суларды тазалау және қосымша тазалау үшін қолдану мүмкіндігін бағалау;
  7. Табиғи сорбенттің модификацияланған технологиясының теориялық негіздерін әзірлеу және химиялық және физикалық ластаушы заттардан ағынды суларды тазалау процесіндегі тиімді технологияны талдау;
  8. Пайдаланылған сорбенттердің қалдықтарын залалсыздандыру және жою технологиясын жетілдіру, сондай-ақ олардың әрі қарай практикалық қолдануын анықтау;
  9. Дайындалған технологияны өнеркәсіптік өндіріс кәсіпорындарына, сондай-ақ экологиялық жағынан қолайсыз аймақтарда ағынды ерітінділер мен жер асты суларын тазалау үшін ұсынамыз.
  • Жобаның идеясы: Негізгі идея осы жұмыстың экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған, ол үшін өнеркәсіптік ағынды сулардан ауыр металдарды алу үшін модификацияланған табиғи сорбенттерді пайдалану көзделген. Модификацияланған сорбенттерді сондай-ақ технологиялық ерітінділерден ауыр металдарды алу үшін қолдануға болады. Зерттеулердің ғылыми маңыздылығы халықаралық және ұлттық деңгейде Қазақстанның табиғи сорбенттік материалдарын модификациялау тәсілдерін әзірлеу және олардың физика-химиялық қасиеттерін зерттеу арқылы жаңа білімдер алуға байланысты.
    Бұл технологияның тұтынушылары металдармен байытылған шикізатты өндіру және өңдеу саласында жұмыс істейтін ұлттық компаниялар мен жеке кәсіпорындар болады.
  • Күтілетін нәтижелер:

Күтілетін нәтижелер

  1. Алынған зерттеу нәтижелерін әлеуетті пайдаланушылар, ғылыми қоғамдастық және кең жұртшылық арасында тарату. Оқу құралдары (монография) шығарылатын болады. Зерттеу нәтижелері лекция және семинар сабақтарында қолданылады. Зерттеу нәтижелері республикалық және халықаралық баспаларда және нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда жарияланады.
  2. Жобаның ғылыми бағыты бойынша Science Citation Index Expanded базасында индекстелетін рецензияланған ғылыми басылымдарда 1 мақала және (немесе) шолулар жариялау жоспарлануда, сондай-ақ Web of Science базасында 1 (бірінші), 2 (екінші) және (немесе) 3 (үшінші) квартильге кіретін, немесе Scopus базасында CiteScore бойынша пайыздық көрсеткіші 50 (елу) кем емес басылымдарда.
  3. Алынған нәтижелерді отандық патент бюроларында патенттеу, сондай-ақ осы жобаның аясында интеллектуалдық меншік объектісі бойынша лицензиялық келісім жасасу жоспарлануда
  4. Зерттеу нәтижелері ғылыми және экономикалық әсер:

— Модификацияланған табиғи сорбенттердің құрамы мен қасиеттерін зерттеуде мүдделі жұртшылықты зерттеудің маңыздылығын жүзеге асырады. Зерттеу нәтижелері республикалық және халықаралық конференцияларда және нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда жарияланады.

– Жобалық зерттеудің алынған деректері өнеркәсіптік ағынды суларды ауыр металдардан тазарту процестерінде кешенді арақатынастарда табиғи сорбенттерді пайдалану тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілдеріне серпін береді.

Зерттеудің бағыты зерттеудің осы бағытындағы жаңа серпінді айқындады және мәлімделген ғылыми бағыттар бөлінісінде өзекті болып табылады.

— Экономикалық пайда бағытында қымбат шетелдік жабдықтарды сатып алуды төмендетуге байланысты мәлімделген зерттеудің әсері пайда болады. Модификацияланған табиғи сорбенттерді пайдалану тиімділігі ҚР жаңа технологияларын дамытуда жаңа серпін береді.

— Жобаны іске асыру барысында алынған нәтижелерді студенттер үшін оқу материалы түрінде, тазартқыштарды дайындауда инновациялық өнеркәсіптік технологияларда пайдалануға болады. 5. Жоба аяқталғаннан кейін зерттеу нәтижелері әлеуетті пайдаланушылар, қызығушылық танытқан ғалымдар тобы және жұртшылық арасында пайдаланылатын болады. Жобалық зерттеу нәтижелері бойынша жұртшылық пен студенттер үшін оқу құралын (монография) және әдістемелік ұсынымдар шығару жоспарлануда.