Факультет естествознания

Түсіндірме жұмыстары

Физика-математика факультеті, физика-математика кафедрасының 4-курс білім алушылары (МҚ-411 және МПҚ-411 топтары) үшін алдағы педагогикалық практикаға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттерге қазіргі қолданыстағы Bilimclass платформасымен жұмыс жасау тәртібі мен мүмкіндіктері түсіндіріліп, құжаттамаларды дайындау және рәсімдеу ережелері көрсетілді. Іс-шараны ұйымдастырған: жұмыс беруші, оқытушы-ассистент Иса Р.

Бастапқы конференция

Информатика және білімді цифрландыру кафедрасы 10.01.2025 жылы 7М01503-«Информатика» мамандығының 2 курс магистранттарына зерттеу практикасы алдында бастапқы конференциясын ұйымдастырды. Конференцияға п.ғ.д., профессор Е.Ж.Смағулов, п.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.О.Алдабергенова, кафедра меңгерушісі К.К.Забиева қатысып, ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырудың теориялық — әдіснамалық, әдістемелік және ұйымдастырушылық аспектілері туралы құнды ақпарат беріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.

Педагогикалық және өндірістік практика конференциясы

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасы 10.01.2025 жылы 3-4 курс білім алушылар ИПҚ-411, МИҚ-411, ФИҚ-411, МИҚ-311, ИҚ-311, ИР-311 топтарына педагогикалық және өндірістік практика алдында бастапқы конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияға оқытушы-дәріскерлер: Забиева К. Қ., Алдабергенова А.О., Ермекова Н.С., Кастеева Г.Д. қатысып, практикадан өту тәртібін түсіндірілді.

«Педагогикалық шеберлік – 2025»

2025 жылдың 10 қаңтарында физика-математика факультетінде «Педагогикалық шеберлік – 2025» қысқы мектебі аясында дәстүрлі секция отырысы өткізілді. Іс-шараға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ өндірісте көпжылдық тәжірибесі бар мамандар қатысты. Секция жұмысы барысында келесі баяндамалар мен тренингтер ұсынылды: Іс-шара соңында оқу процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу жолдарын ұсынған спикерлерге Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу …

«Педагогикалық шеберлік – 2025» Read More »

Өндірістік практика бойынша конференция

10.01 2025 жылы Физика-математика факультеті, Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының Ақпараттық жүйелер, Ақпараттық жүйелердің архитектурасы және информатика мамандықтарының 4 курс білімгерлеріне өндірістік практика бойынша конференция өтті. Конференцияда өндірістік практиканың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру, практикада қолданылатын құжаттар тізімі және сол құжаттарды дұрыс рәсімдеу туралы мәліметтер берілді.

«Математиканы оқыту әдістемесі»

13.12.2024 жылы МҚ-311, МПҚ-311, МИҚ-311 топтармен ашық дәріс-пікірталас өткізілді. Тақырыбы: «Математиканы оқыту әдістемесі» қорытынды дәріс. Мақсаты: Математиканы оқыту әдістемесі пәнінен үйренгендерін қорытындылау арқылы педагогикалық практикагаға дайындығын бағалау. Оқытушы: п.ғ.д., профессор Сеитова С.М.

«Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры»

Физика және математика факультетінің п.ғ.м., оқытушы-дәріскері Есжанова Сымбат Ғазизқызы Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай МҚ 111 тобымен кураторлық сағат сабағында студенттерге Қазақстан Республикасының тәуелсіздік тарихы туралы мәлімет беріліп, елдің жетістіктері мен дамуына тоқталып, отансүйгіштік пен ұлттық мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағыттады.

Бағыттау конференциясы

2024 жылғы 12 желтоқсан күні физика-математика факультетінде ФПҚ-411, МҚ-411, ФИҚ-411, МР-411 топтарының практикаға жіберілетін студенттеріне арналған бағыттау конференциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттерді практикадан өтуге дайындау, олардың міндеттері мен тапсырмаларын түсіндіру, сондай-ақ кураторлар мен серіктес ұйымдармен өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерімен таныстыру болды.

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2024 жылғы 12 желтоқсан күні физика-математика факультетінде ғылыми семинар өтті. Семинар барысында PhD С.Р.Сакибаевтың «Білім берудегі және академиялық саладағы Deep Learning» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды. Сонымен қатар семинар барысында Горно-Алтайск мемлекеттік университетінің  (Горно-Алтайск қ., Алтай Республикасы, Ресей Федерациясы)  профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Темербекова Альбина Алексеевна 8D01504- «Информатика» білім беру бағдарламасы докторанттарына педагогикалық бағыттағы ғылыми зерттеулерді жүргізу …

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР Read More »

Шағын футбол жарысы

10.12.2024ж. «16 – желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік» күніне орай І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Физика – математика факультеті мен Жаратылыстану – техникалық факультетінің профессорлық – оқытушылар құрамы, қызметкерлері мен студенттері арасында жарысы өтті. Тартысты жарыста келесі командалар жүлделі орындарға ие болды: 1 – орын. «ФизМат» білімгерлер командасы 2 – орын. «Оқытушылар» командасы 3 – орын. ЖТФ …

Шағын футбол жарысы Read More »

AI Assistant