BR24993150 Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бейін алды даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру
Ғылыми бағдарлама туралы
- Бағдарламаның мақсаты:
Бейін алдындағы даярлық процесінде мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың қоғамда бейімделуіне және әлеуметтенуіне ықпал ететін психологиялық қолдау механизмдерін әзірлеу
- Міндеттері:
- Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бейіналды даярлау процесінде әлеуметтік бейімдеу мәселесі бойынша әдеби дереккөздерді теориялық талдау.
- Мүмкіндігі шектеулі жастар туралы ақпараттық-талдамалық деректер базасын құру.
- Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды жалпы білім беру процесіне қосу және әлеуметтік бейімдеу процестерінің ағымдағы жағдайын зерделеу.
- Еңбек дағдыларын қалыптастыру мақсатында арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың бейіналды даярлығын нормативтік құқықтық реттеу материалдарын талдау.
- Мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, мамандықтар сыныптауышының жобасын әзірлеу.
- Қазіргі қоғамның сын-тегеуріндерін және еңбек нарығының сұранысын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды еңбекке даярлау жөніндегі оқу бағдарламаларының жобасын әзірлеу және апробациялау.
- Арнайы және жалпы білім беретін мектептер жағдайында зияты зақымдалған білім алушыларды олардың еңбек дағдыларын қалыптастыру мақсатында бейін алдындағы даярлау моделін әзірлеу және апробациялау
- Бағдарламаның идеясы:
Бағдарламаның идеясы толеранттылық қағидаттарына негізделген қоғамның жаңа гуманистік құндылықтарын қалыптастыру, бейін алдындағы даярлық процесінде оқушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау тетіктерін әзірлеу арқылы МШ білім алушыларды әлеуметтік-мәдени қосу және бейімдеу процестерін іске асыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы және экономика салаларындағы проблемалардың ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды нарықтық ортаға бейімдеу және әлеуметтендіру және олардың қаржылық-экономикалық дербестігін қамтамасыз ету мәселелері ерекше өзекті болып отыр.
- Күтілетін нәтижелер:
— материалдар жинақтарын жариялай отырып, зерттеу нәтижелерін апробациялау мақсатында ғылыми-практикалық іс-шаралар циклін (дөңгелек үстел, семинар, конференция) өткізу;
— мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды еңбекке даярлау жөніндегі оқу бағдарламаларының жобасын бекіту және одан әрі практикаға енгізу үшін Оқу-ағарту министрлігіне ұсыну;
— арнайы және жалпы білім беретін мектептер жағдайында зияты зақымдалған білім алушыларды оларда еңбек дағдыларын қалыптастыру мақсатында бейін алдындағы даярлаудың апробацияланған моделі;
— мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды әлеуметтік бейімдеу мәселелері бойынша материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
— арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың бейін алды даярлығын реттеу бөлігінде оларда еңбек дағдыларын қалыптастыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
— арнайы және жалпы білім беретін мектептер жағдайында зияты зақымдалған балаларды оқыту бойынша Оқу-ағарту министрлігіне ұсыныстар беру;
— мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, ТжКБ сыныптауышына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар беру;
— мүмкіндіктері шектеулі білім алушылар үшін олардың мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып ТжКБ мамандықтар тізбесі.
Бағдарламаны іске асыру келесілер үшін ғылыми негізделген ақпараттық базаны құруға мүмкіндік береді:
— мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытуды нормативтік құқықтық реттеу туралы материалды жүйелеу;
— Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне білім берудің қолжетімділігі, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өз мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес кәсіп алу мүмкіндігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
— мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды жалпы білім беру процесіне қосу және әлеуметтік бейімдеу проблемаларын одан әрі зерделеу;
— мүмкіндігі шектеулі білім алушылармен жұмыстың өзекті бағыттарын айқындау;
— қоғамда мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бейін алдындағы даярлаудың және әлеуметтік-психологиялық бейімдеудің инновациялық стратегияларын әзірлеу;
— мүмкіндігі шектеулі жастар туралы ақпараттық-талдамалық база құру.
Бағдарламаның нәтижелері бойынша жариялану тиіс:
— Scopus базасында citescore бойынша кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдардағы 6 (алты) мақала;
— ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 8 (сегіз) мақала;
— өтініш беруші ұйымның ғылыми кеңесі ұсынған баспаларда монография;
— өтініш беруші ұйымның ғылыми кеңесі ұсынған қазақстандық баспаларда оқу құралы;
— Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген 2 (екі) авторлық куәлік.
Соңғы нәтиже:
Осы жобаның барлық теориялық тұжырымдары мен практикалық нәтижелері олардың ерекше қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық балалардың сапалы білім алу құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық базаны жетілдіру, жастардың және адами капиталдың әлеуметтік ұтқырлығын дамытуға бағытталған ғылым, арнайы білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы шешімдерді әзірлеу және қабылдау үшін ғылыми-әдістемелік негіз болады.
