BR27195163 Қазақстанның мемлекеттік қызметінің ұйымдастырушылық мәдениетін трансформациялау архитектоникасы
Ғылыми бағдарлама туралы
Бағдарламаның мақсаты:
Ғылыми-техникалық бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік басқару парадигмасының өзгеруін ескере отырып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметте ұйымдастырушылық мәдениетті дамытудың әдіснамалық негіздерін әзірлеу.
Бағдарламаның міндеттері:
1-міндет: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметінде этикалық нормалардың сақталуын бақылаудың қолданыстағы жүйесіне талдау (SWOT және PEST-талдау) жүргізу.
2-міндет: Мемлекеттік қызметте этикалық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша шет елдердің тәжірибесін зерделеу.
3-міндет: Әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың, мәдени-тарихи факторлардың, геосаяси аспектілердің мемлекеттік қызметтегі ұйымдық, корпоративтік мәдениет пен этиканы дамытуға әсерін бағалау.
4-міндет: Мемлекеттік қызметшілердің ұйымдастырушылық этикалық мәдениетін реформалау тетіктерін жетілдіру бойынша алгоритм әзірлеу.
5-міндет: Барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілер үшін ұйымдастырушылық этикалық мәдениет мәселелері бойынша мамандандырылған оқу-әдістемелік материалдар кешенін әзірлеу.
6-міндет: Мемлекеттік басқару жүйесін реформалауды ескере отырып, мемлекеттік қызметшілердің ұйымдық мәдениеті мен этикасын одан әрі жетілдіру жөнінде практикалық ұсынымдар әзірлеу.
7-міндет: Зерттеу нәтижелерін жарияланымдарда апробациялау.
Бағдарламаның идеясы:
Бағдарламаның негізгі идеясы ағымдағы жағдайды бағалауға, өзекті мәселелерді анықтауға және мемлекеттік құрылымдарда этикалық мәдениетті реформалау үшін жаңа шешімдер ұсынуға мүмкіндік беретін кешенді әдіснамалық платформа құру болып табылады. Бағдарлама этикалық стандарттардың сақталуын бақылаудың ағымдағы тетіктерін, халықаралық тәжірибені, сондай-ақ ұйымдық мәдениеттің дамуына әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және мәдени факторларды жан-жақты талдауды көздейді.
Күтілетін нәтижелер:
Бағдарламаның соңғы нәтижелері:
— Мемлекеттік қызметтің, мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық мәдениеті, SWOT және PEST-талдау негізінде Қазақстан Республикасы заңнамасының құрылымы зерделенді;
— Оны жетілдірудің тиімді тетіктерін әзірлеу мақсатында ұйымдастырушылық этикалық мәдениеттің күшті және әлсіз жақтары анықталды;
— Мемлекеттік органдар қызметінің деңгейі мен ерекшелігін ескере отырып, ұйымдық этикалық мәдениетті дамыту саласындағы тәуекелдер сәйкестендірілді;
— Этикалық стандарттарды реттеу және сақтау саласындағы шет елдердің тәжірибесіне, сондай-ақ ұйымдастырушылық мәдениеттің ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жүргізілді;
— Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметте ұйымдастырушылық этикалық мәдениетті дамыту саласындағы халықаралық тәжірибені бейімдеу бойынша тәсілдер ұсынылды;
— Барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілерге ұйымдастырушылық этикалық мәдениетті дамыту мәселелері бойынша оқыту бағдарламалары әзірленді;
— Орталық мемлекеттік/жергілікті атқарушы органдардың басшыларына ұйымдастырушылық этикалық мәдениетті дамыту мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді;
— Зерттеу материалдары мемлекеттік қызметтегі ұйымдастырушылық мәдениетті реформалау барысында пайдалануға ұсынылады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерді мақсатты даярлау және қайта даярлау ісінде, мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылар мен зерттеушілер үшін қолдануға болады.
Бағдарламаның нәтижелері бойынша:
1) Web of Science дерекқорының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индексінде индекстелген және (немесе) Scopus жүйесінде CiteScore деректер базасында кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланған ғылыми жарияланымдардағы кемінде 4 (төрт) мақала және (немесе) шолу;
2) ҒЖБССҚЕК ұсынған журналдарда кемінде 6 (алты) мақала;
3) өтініш беруші ұйымының ғылыми кеңесі және (немесе) ғылыми-техникалық кеңесі ұсынған шетелдік және (немесе) қазақстандық баспаларда кемінде 1 (бір) монография немесе оқулық;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген кемінде 1 (бір) авторлық құқық куәлігін қамтиды.
