Гуманитарлық факультет

Алғыс хат

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Тумабаева Мадина Болатқызы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті  ұйымдастырған «БІЛІМ БЕРУ КЕҢІСТІГІНДЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ИНТЕГРАЦИЯЛАУ: ТЕОРИЯ, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БОЛАШАҚ ҮРДІСТЕР» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарда тәжірибе бөлісіп, алғыс хат иеленді. 

Семинар

https://zhetysu.edu.kz/wp-content/uploads/2026/04/Асем-2.mp4 Қазақ тілі мен әдебиет кафедрасының оқытушы-дәріскері, ф.ғ.к. Турысбекова Әсем Ерікқызы ҚТӘ 1-3 курс студенттері арасында «Қазақ прозасындағы ұлттық менталитет» атты тақырыпта семинар өткізді. Мақсаты: студенттерге қазақы құндылықтарды насихаттау, ұлттық болмысымызды дәріптеу мақсатында жазушылардың шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын қалыптастыру. 

Құрмет грамотасы

2026  жылы  1-сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Ғылыми кеңесінде Басқарма төрағасы-Ректор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы  еліміздің жоғары білім жүйесінің дамуына қосқан үлесі, ұлтымыздың болашағы жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп, білікті жас мамандар дайындаудағы ерен еңбегі мен қоғамдық өмірге белсене атсалысқаны үшін Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Есимбекова Динара Болатқызын қазақстандық оқу-ағарту, ғылым …

Құрмет грамотасы Read More »

Ректор құттықтауы

2026 жылдың 1-сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу унивесритетінің Басқарма төрағасы-Ректор Е.Ә.Бөрібаев  өмір жолында мол тәжірибе жинақтап, кәсіби біліктілігімен, адамгершілік қасиеттерімен және қоғам игілігі жолындағы елеулі еңбегімен құрметке  бөленген Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, професссор м.а., ф.ғ.к. Кыяхметова Шара Әсетқызын 65 жас мерейтойымен құттықтады. Университет басшысы мерейтой иесіне алдағы уақытта да абырой биігінен көрініп, ғылым мен …

Ректор құттықтауы Read More »

Үздік педагогикалық мақала

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-ассистенті Е.Т. Саржигитов пен 4-курс білімгері Ж.Е. Нұржапар «ТАҒЫЛЫМ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурсында жоғары жетістікке қол жеткізді. Аталған байқаудың қорытындысы бойынша олар «Үздік мақала» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл жетістік – кафедра оқытушылары, мектеп мұғалімдері мен білімгерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесе атқаруының нәтижесі. Жеңімпаздарды …

Үздік педагогикалық мақала Read More »

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының 30 жылдығына арналған әдеби фестивалі

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған отыз іс-шара аясында, 2026 жылдың 1 сәуірінде мазмұны терең, тағылымы мол ерекше шығармашылық кеш өтті. Оқытушы-дәсіркерлердің ұйымдастыруымен, атап айтқанда Сүлейменова М.М., Турсын Г., Кабылова М.С. ұйымдастыруымен ағылшын тілінде өткен «English Art Fest» көркем әдеби-шығармашылық кеші жоғары деңгейде өткізіліп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.Кештің басты …

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының 30 жылдығына арналған әдеби фестивалі Read More »

Сыртқы академиялық ұтқырлық: «1 семестр – шексіз әсер

2026 жылдың 27 наурызында Гуманитарлық факультеттің «Шетел тілдері және аударма ісі» кафедрасы білім алушыларына арналған «1 семестр – шексіз әсер. Шетелде оқудың шынайы хикаясы» атты есеп беру конференциясы өтті. Іс-шараның басты мақсаты — 2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алып келген студенттердің тәжірибесін қорытындылау және насихаттау. …

Сыртқы академиялық ұтқырлық: «1 семестр – шексіз әсер Read More »

Алаш идеясының бүгінгі қоғамдағы маңызы туралы дебат өтті

2026 жылғы 31 наурызда Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы ұйымдастырған «Жас тарихшы» үйірмесінің аясында «Алаш идеясының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында дебат өткізілді. Дебатқа меморандум негізінде Талдықорған қаласы Ш. Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясының оқушылары қонақ және қатысушы ретінде шақырылды. Бұл пікір-сайыс кең ауқымда, қоғамдағы маңызды мәселелер мен өзекті тақырыптарды талқылау арқылы ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар өз …

Алаш идеясының бүгінгі қоғамдағы маңызы туралы дебат өтті Read More »

Қала әкімінің құттықтауы

2026 жылғы 30-наурыз күні Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы Бәзіл І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор міндетін атқарушысы, филология ғылымдарының кандидаты Кыяхметова Шара Әсетқызын 65 жас мерейтойымен құттықтады. Кездесу барысында қала әкімі мерейтой иесіне ғылым мен білім саласындағы көпжылдық еңбегі мен жас ұрпақты тәрбиелеудегі үлесін ерекше атап өтті. Мерейтой …

Қала әкімінің құттықтауы Read More »

Хабарландыру

2026 жылы 31 наурыз күні Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Жас тарихшы» үйірмесінің ұйымдастыруымен «Алаш идеясының бүгінгі қоғамдағы маңызы» тақырыбында дебат өткізеді. Дебатқа Талдықорған қаласы Ш. Уәлиханов атындағы №10 мектеп-гимназиясының оқушылары қонақ және қатысушы ретінде шақырылды. Қатысушылар өз ойларын дәлелді жеткізіп, сыни ойлау мен талқылау дағдыларын көрсете алады. Барлық қызығушыларды қатысуға шақырамыз!

AI Assistant